Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматылық әйел 80 мыңдай АҚШ долларын интернет-ала...

Алматылық әйел 80 мыңдай АҚШ долларын интернет-алаяқтарға аударып жіберген

Заң мен тəртіп 04.11.2022, 08:01 1,611
Алматылық әйел 80 мыңдай АҚШ долларын интернет-алаяқтарға аударып жіберген
Сурет: Polisia.kz

55 жастағы К.есімді азаматша алаяқтар тобының қылмыстық желісіне түсіп қалды.


Белгілі болғандай, әйел адам бір аптадай қылмыскерлердің талаптарын орындап келген. Ол олардың өзінің жинаған ақшасын қорғауға тырысып жатқанына сенімді болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



«Қаскөйлер 21 қазанда ұялы телефон арқылы жәбірленушіге қоңырау шалғаны анықталды. Олардың бірі өзін банк қызметкерімін, екіншісі полицеймін деп таныстырды. Екеуі де оның шотына белгісіз біреулер шабуыл жасағанын айтып, ақшаны одан әрі “қауіпсіз шотқа” салу үшін “банк маманына” тапсырып, сақтауды ұсынған. Содан кейін әйел адам, бейтаныс адамға 74 707 АҚШ доллар мен 1,3 млн теңге берген. Келесі күні К.есімді азаматшаға тағы да “банк қызметкерлері” телефон соғып, 2 млн теңге көлемінде несие алуға көндірген. Әйел қаскөйлердің бұл талабын да орындаған. Тек 1 қарашада ғана алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.



Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу-жедел тобы құрылды.



«Қабылданған шаралар нәтижесінде үш адам анықталып, ұсталды. Олар 24 жастағы С.есімді азамат, 26 жастағы А.есімді азамат және 27 жастағы С.есімді РФ азаматы. Күдіктілердің жалға алған кеңсесінде 20 ұялы телефон нөмірі және әртүрлі екінші деңгейлі банктерде ашылған 52 банк картасы табылып, тәркіленді. Жауап алу кезінде ұсталған адамдар қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен, криптовалютаға айырбастаумен айналысатындарын, бұл істен өз пайдасын алатындарын мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстың басқа да сыбайластары, сондай-ақ басқа да ықтимал эпизодтарды анықтау бойынша жедел және арнайы іс-шаралар жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды», – деді Өтебаев.



Сонымен қатар, Алматы қаласының прокуратурасы осыған ұқсас эпизодтарды болдырмау үшін азаматтарды сақтық пен қырағылыққа шақырады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Интернет-алаяқтар #алматылық әйел #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды

Бүгін 11:44

Алматыда көктемгі дератизация жұмыстары басталады

Бүгін 11:01

Алматыда Жамбыл жыры мен Дина күйі ұлықталды

Бүгін 10:55

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

Бүгін 10:41

Көрісу күні – Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні

Бүгін 10:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика