Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында Жол жүрісі қағидаларының 1 622 бұзушылығы анықталды, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 132 өрескел бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
* көлік құралын масаң күйде басқару – 16;
* көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы – 1;
* жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен көлік құралын басқару – 4;
* маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 42;
* қауіпсіздік белдігін тақпау – 47;
* қарсы қозғалыс жолағына шығу – 6;
* көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 16.
Сонымен қатар, 34 көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды.