конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Алматыға Құрылтай сайлауына келген халықаралық бай...

Алматыға Құрылтай сайлауына келген халықаралық байқаушылар «Бәйге» ойынына қатысты

Құрылтай Бүгін 16:48 90
Алматыға Құрылтай сайлауына келген халықаралық байқаушылар «Бәйге» ойынына қатысты

Алматының Алатау ауданындағы №196 жалпы білім беретін мектепте орналасқан №636 сайлау учаскесінде сайлаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлаған көрініс болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Польша елінен келген халықаралық байқаушылар Kline Kazimierz Mariusz, ⁠Ueberzhan Katerzyna, ⁠Gabowski Krzysztof қазақтың ұлттық «Бәйге» ойынына қатысып, өзара бақ сынады.

№636 Сайлау учаскесінің төрағасы Айжан Серікқалиқызының айтуынша, ұлттық ойындарды ұйымдастырудағы басты мақсат – дауыс беруге келген тұрғындардың кезекте ұзақ күтіп, жалығып кетпеуіне жағдай жасау.

– Бүгін Құрылтай сайлауына дауыс беруге келіп жатқан алматылықтар өте көп. Тұрғындар ұзақ кезекте жалықпас үшін ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырдық. Мақсатымыз – кезекте тұрған азаматтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, уақытын қызықты өткізуге мүмкіндік беру, – дейді сайлау учаскесінің төрағасы.

Түс мезгілінде №636 учаскесіне келген шетелдік байқаушылар да ұлттық ойынға қызығушылық танытып, «Бәйге» сайысына қатысып көрді. Сайыста бақ сынаған қонақтарға естелік ретінде шаңырақ, асық секілді қазақы кәдесыйлар табысталды.

№636 сайлау учаскесінде сайлау күні ерекше әрі жылы атмосфера орнаған. Ауладағы әуезді әуен, ұйымдастырылған қолөнер шеберлерінің көрмесі, мектепке қажетті заттардың жәрмеңкесі мен ұлттық ойындар тұрғындардың көңіл-күйін көтерді. Маңызды қоғамдық іс-шарамен қатар ұлттық дәстүр мен мәдениетті дәріптеген бұл бастама шетелдік қонақтардың да қызығушылығын оятты.

Қазақтың ұлттық ойындары арқылы сайлау учаскесінде қалыптасқан осындай әсерлі көрініс тұрғындарға да, халықаралық байқаушыларға да есте қаларлық сәт сыйлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сайлау учаскесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда джиу-джитсудан әлем чемпионатының жүлдегері Жібек Құлымбетова Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін 17:21

Эко-стильдегі таңдау: Алматының жас эко-рейнджерлері дауыс беруге велосипедпен келді

Бүгін 17:17

Оңтүстік ұландықтар дауыс беруді мерзімінен бұрын аяқтады

Бүгін 16:53

Алматыда белгілі гимнаст Милад Карими Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін 16:51

Алматыда Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысу белсенділігі жоғары деңгейде сақталып отыр

Бүгін 16:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);