AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыға «Азия Дауысы» қайта оралады

Алматыға «Азия Дауысы» қайта оралады

Әлеумет 19.12.2022, 09:18 1,433
Алматыға «Азия Дауысы» қайта оралады
Сурет: Inbusiness.kz

Ұйымдастырушылар байқаудың жоспарларымен бөліспек.


20 жылға жуық үзілістен соң Алматыда Орталық Азияның ең беделді музыкалық фестивальдерінің бірі қайта өткізілмек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz cілтеме жасап.


Фестиваль баспасөз қызметінің хабарлауынша, фестивальдің негізін қалаушы Мұрат Ирғалиевтің 2020 жылы және режиссер Александр Пономаревтың 2021 дүниеден өткеніне байланысты "Азия Дауысын" өткізу құқығы Алматы қаласы әкімдігімен және Алматы қаласының мәдениет басқармасымен бірге музыкалық шараның бірге қайта жандануына бастамашылық жасаған "Азия дауысы" халықаралық фестивалі" қоғамдық қорының құзырлығына өтті.


Қазақстанның мәдениетін дамытуға қосқан үлесін еске алу үшін "Жас қанат" республикалық байқауы аясында Мұрат Ирғалиев пен Александр Пономарев атындағы Гран-при дипломын, "Үлкен Қанат" арнайы номинациясын және 1 000 000 теңге ақшалай сыйлық тағайындалды.


Еске сала кетейік, "Азия Дауысы" Халықаралық музыкалық фестивалі алғаш рет 1990 жылы өтті, сол кезде "Медеу" мұз айдынына 15 елден қатысушылар келген болатын. 1994 жылы фестиваль Канн әлемдік шоу-бизнес фестивалінің (Франция) арнайы сыйлығын алды, ал 1998 жылы "Азия Дауысы" халықаралық фестиваль ұйымдастырушылар федерациясы әлемнің үздік фестивалі атағын алған болатын.


21 желтоқсанда баспасөз конференциясында ұйымдастырушылар алдағы "Азия Дауысы" халықаралық фестивалі мен "Жас қанат" республикалық конкурсының жоспарларымен бөліспек. Фестивальдің бас продюсері - Арманжан Байтасов. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #байқау #Азия дауысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әнші Нұржас Садырбаев «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасының жеңімпазы болды

Бүгін 12:50

Алматы құрамасы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

Бүгін 12:22

Алматыда жастарды қолдауға арналған «Әлеуметтік шеберхана» жобасы басталды

Бүгін 11:54

Терезені жаппаған ата-ана айыппұл арқалауы мүмкін

Бүгін 11:03

Көптің жүрегін жаулаған дәм: балмұздақ шаһарынан эксклюзив фоторепортаж

Бүгін 11:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика