Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдан Ташкентке пойз қатынайтын болды

Алматыдан Ташкентке пойз қатынайтын болды

Әлеумет 16.05.2022, 10:42 1,769
Алматыдан Ташкентке пойз қатынайтын болды
Сурет: Kubnews.ru

16 мамыр күні ұзақ үзілістен кейін жолға шығады.


Мемлекетаралық «Алматы – Ташкент» пойызы ұзақ үзілістен кейін бірінші рейсіне шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бүгін 18 сағат 32 минутта Алматы 2 вокзалынан «Алматы-Ташкент» қатынасындағы №1/2 халықаралық жолаушылар пойызы жолға шықты. 24 вагоннан тұратын құрам аптасына 3 рет қатынайтын болады. Билеттер құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген. Бағаларды www.bіlet.railways.kz. сайтынан нақтылауға болады», - делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.



 27.04.2022 жылғы шешімді ҚР аумағында коронавирустық індеттің пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады. Бұл ретте «ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шаралары туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 29.04.2022 жылғы №21 қаулысында жазылған талаптарды сақтау міндетті.


 Қазақстандықтар мен шетел азаматтарының елге темір жол көлігімен кіруі үшін бұрынғыдай теріс нәтижесі бар COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы міндетті. Анықтама берілген күннен бастап 72 сағаттан аспауы керек. Немесе коронавирустық індетке қарсы екпе немесе қайта екпе қабылдаудың толық курсынан өткені туралы паспорт ұсыну қажет (соңғы дозаны алғаннан кейін 6 айдан аспайтын мерзім). Егер ПТР тестінің нәтижелері немесе COVID-19 вакцинациясының паспорты болмаса, онда жолаушылар вагонға отырғызуға жіберілмейді.


Ертіп жүретін адамдары болса 5 жасқа дейінгі балаларға, ҚР үкіметтік делегацияларының және локомотив бригадаларының мүшелеріне анықтамасыз елге кіруге рұқсат етіледі. Сондай-ақ – теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты және егер 2 компонентті алғаннан кейін ҚР шекарасын кесіп өту сәтінде 6 айдан аспаса, ҚР-да қайта екпе қабылдаған немесе COVID-19-ға қарсы екпенің толық курсын алған адамдарға беріледі. Құжаттамалық растау міндетті болып табылады. Бұл ереже еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес ҚР аумағында жарамды деп танылған, COVID-19-ға  қарсы вакцинация туралы паспорт/сертификат/анықтама ұсынған адамдарға да қолданылады.


 Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz. сайтынан алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пойз #Алматы #Ташкент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Құқық + AI: құқығыңды біл" атты экспромт-кездесу өтті

Кеше 21:12

Сенімділік – жаңа күш: The National Interest басылымында Тоқаевтың мақаласы шықты

Кеше 20:42

Алматыда жаңа екі медициналық мамандық енгізілмек

Кеше 20:38

Дархан Сатыбалды Алматы инвесторлары және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

Кеше 17:25

Референдум-2026: қала жұмыс ырғағында

Кеше 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі