AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен Атырау облыс...

Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысына 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді

Әлеумет 11.04.2024, 05:25 875
Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысына 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасуда


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова  Алмалы комьюнити орталығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау пунктіне барды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Кездесу барысында Әсем Нүсіпова барша еріктіге қиын-қыстау кезеңде көмек қолын созғаны үшін алғыс білдірді. Әкімнің орынбасары зардап шеккен отбасылар мен аймақтарға қолдау көрсетудің маңызын атап өтті.




«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай – «Біздің күшіміз – бірлікте». Еліміз осы күндері ауыр сынақты бастан өткеріп жатыр. Дәл осы сәтте бірлігіміз бен елдігімізді көрсететін уақыт келді. Елдегі болып жатқан бұл табиғаттың тосын мінезіне қатысты мемлекет тарапынан, Президентіміз тарапынан барлық тиісті шаралар қабылданып жатыр. Осы ретте су басқан аймақтарға гуманитарлық көмек жинап, үйлестіріп жатқан әрбір жанға алғыс білдіремін», - деді Әсем Нүсіпова.



Еріктілер өз кезегінде гуманитарлық көмекті тиімді ұйымдастыруға бағытталған бастамасы мен идеясымен бөлісті. Сонымен қатар, гуманитарлық көмекті жинау және тарату бойынша қаламызда тағы қабылдау пунктін ашу бойынша жоспарлар талқыланды.




Бүгінде Алматыдан су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының тұрғындарына 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді. Оның ішінде 12 тонна азық-түлік, 10 тоннаға жуық киім-кешек, 7,2 тонна гигиеналық құралдар, 2 тоннадан астам тұрмыстық заттар, 200 келіден астам дәрі-дәрмек және т.б бар.




Айта кету керек, гуманитарлық көмек жиналып жатқан бұл жастар комьюнити орталығы Алматының әр ауданында ашылған 8 комьюнити орталықтың бірі. Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында әр ауданда екіден, яғни барлығы 16 орталық ашылады.


Әрбір комьюнити орталық креативті қоғамдық кеңістіктен тұрады. Мұнда жастарды қолдауға қажеттінің бәрі бар: бұл әртүрлі мемлекеттік бағдарлама бойынша кеңес беру, психологиялық және заңгерлік көмек, NEET жастарын қысқа мерзімді курстар арқылы сұранысқа ие мамандықтарға оқыту және жұмысқа орналастыру.




  • Гуманитарлық көмек мына мекенжай бойынша қабылданады: Байтұрсынова көшесі, 22к1   

  • Қабылдау уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін       

  • Кез келген адам Алмалы ауданындағы комьюнити орталыққа хабарласып, қажетті заттарды тапсыра алады!           

  • Байланыс нөмірлері: +7 747 821 64 78; 7 747 540 01 40

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Атырау #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды

Бүгін 19:58

Қазақстан мен Ресей басшыларына «Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Бүгін 19:21

Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды

Бүгін 19:15

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы «Сириус» мектебінің құрылысын бастап берді

Бүгін 19:06

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті

Бүгін 19:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);