AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы зиянды шығарындылардың шамамен 60%-ы ав...

Алматыдағы зиянды шығарындылардың шамамен 60%-ы автокөліктен келеді

Әлеумет Бүгін 11:12 39 yakiya
Алматыдағы зиянды шығарындылардың шамамен 60%-ы автокөліктен келеді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда атмосфераға таралатын зиянды шығарындылардың басым бөлігі автокөліктерден келеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қаладағы жалпы ластанудың шамамен 60%-ы немесе жылына 113 мың тоннаға жуығы көлік үлесіне тиесілі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев мәлімдеді.

Агломерация бойынша жалпы шығарынды көлемі 225 мың тонна шамасында, оның 189 мың тоннасы тікелей қала аумағына тиесілі.

Ластанудың екінші негізгі көзі — энергетика саласы (шамамен 24%), одан кейін бизнес нысандары мен жеке сектор үлесі шамамен 16%.

Экологиялық ахуалды жақсартудағы негізгі бағыттардың бірі – газдандыру. Қазіргі таңда жеке сектордың 99,6%-ы табиғи газға қосылған. Сонымен қатар 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО-ны газға көшіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар 2027 жылға қарай шығарындылар көлемін 50 мың тоннадан 4 мың тоннаға дейін қысқартуға, яғни 92%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері құзырлы органдар автокөліктер мен автобус парктерін тексеріп, коммуналдық техниканың экологиялық талаптарға сәйкестігін бақылауда ұстап отыр.

Шағын және орта бизнес те назардан тыс қалмаған: қаладағы қатты отын пайдаланатын 760 нысанның 110-ы 2026 жылдың алғашқы тоқсанында экологиялық таза отынға көшкен немесе сүзгі жүйелерін орнатқан.

Жалпы қабылданып жатқан шаралар ауа сапасын жақсартуға бағытталған. Алдағы уақытта бақылау күшейтіліп, Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидалары кезең-кезеңімен енгізіле береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Автокөлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әр екінші күні ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 11:23

2027 жылдан бастап Алматыда көлік пен нысандарға шығарындыларды азайтуға бағытталған жаңа талаптар енгізіледі

Бүгін 11:20

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия ойындарында қола медаль алды

Бүгін 10:48

Қазақстандық оқушы Еуропаның математика олимпиадасында абсолютті жеңімпаз атанды

Бүгін 10:43

Алматыда Медеу ауданының 6500 оқушысы Бірлік күніне орай бейбітшілік құсы – көгершінді бейнеледі

Бүгін 10:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика