AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында ұлттық спор...

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында ұлттық спорт күні өтті

Спорт Бүгін 18:05 40
Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында ұлттық спорт күні өтті

Алматыда Наурызнама онкүндігі аясында жарқын әрі мазмұнды Ұлттық спорт күні өтті. Тұңғыш Президент саябағында мерекелік жарыс ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтар дәстүрлі ойындар мен сайысқа қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Биылғы турнирге 1000-нан астам адам қатысты. Ұлттық спорттың бірнеше түрінен жарыс өтті, олардың қатарында асық ату, ләңгі тебу, қошқар көтеру, арқан тарту мен басқа ойындар да бар.

Қатысушылар команда болып және жекелей бақ сынасты.

Бостандық ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Төрежан Өтегеновтің айтуынша, іс-шараның басты мақсаты — ұлттық дәстүрді сақтау мен насихаттау екен:

«Қазіргі таңда ауданымызда Наурызнама онкүндігіне орай ұлттық спорт түрінен жарыс өтіп жатыр. Жалпы саны 1000-нан астам адам тіркелді оған. Басты мақсатымыз — ұлттық спортты дамыту меннасихаттау, жас ұрпаққа дәстүрлі ойындарды таныстыру».

Іс-шараға Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанттары да белсене қатысты. Дене шынықтыру кафедрасы бастығының орынбасары Бекжан Телтаев мұндай бастаманың жастарды тәрбиелеуге көп пайдасы тиетінін айтады:

«Академиядан 71 курсант қатысып жатыр. Барлығы жарысқа өздері қосылды. Біз курсанттардың арасында ұлттық спорт түрін барынша насихаттауды қолға алдық. Жастар осы заманғы ойынды ғана таңдамай, ұлттық спортпен де айналысуы тиіс».

Әсіресе арқан тарту көрермендерді ерекше елітті. Жеңімпаз атанған — Республикалық спорт колледжінің студенттер командасы.

Команда мүшесі Ұлдана Тілеухан былай дейдіі:

«Бүгінгі жарыс жоғары деңгейде өтіп, бәрі керемет болды. Командамыз бірінші орын алды, ұйымдастырушыларға ерекше алғыс айтамыз. Біз алғаш рет қатыссақ та, жақсы көзге түстік осы жолы. Алдағы уақытта да осындай жарыстарға қатысуға дайынбыз».

Мерекелік іс-шаралар 23 наурызға дейін жалғасады.

Ұйымдастырушылар барша тұрғындар мен қала қонақтарын Наурыз мерекесіне қатысып, ауқымды мәдени шараға атсалысуға шақырады. Қонақтар жарыстан бөлек, ең үлкен сырмақ пен шаңырақтың көрмесі сияқты ерекше этномәдени экспозицияларды да тамашалайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35

Future format-тағы Наурыз дәстүрі: Алматы жаңа буын декорациясымен таңғалдырады

Бүгін 18:12

«KitapFest-2026»: цифрлық технология мен шығармашылық тоғысқан алаң

Бүгін 18:10

Алматыда заңсыз салынған дәмхана бұзылып жатыр

Бүгін 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика