AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы «Төменгі бесжылдық» шағын ауданы қалалы...

Алматыдағы «Төменгі бесжылдық» шағын ауданы қалалық инженерлік желілермен толық қамтылады

Әлеумет 05.07.2024, 10:10 932
Алматыдағы «Төменгі бесжылдық» шағын ауданы қалалық инженерлік желілермен толық қамтылады
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жоба бойынша барлығы 67 көше қамтылған, олардың дені асфальтталған. Бұрын аталған шағын аудандағы үйлер орталық сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосылмаған.

Төменгі бесжылдықтың тұрғындарын сумен жабдықтау және кәріз желілеріне қосу бойынша үш жылдық жоба 2021 жылы басталды. Қазір жұмыс жоспарына сәйкес 115,5 мың метр су құбырының 100 мың метрден астамы, ал 32 мың метр кәріз желісінің 28 мың метрге жуығы салынды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Жұмысшылар Спасская, Хакасская көшелерінің және бірқатар аллеяға асфальт төсеуге дайындық жүргізіп жатыр. Құбырлар мен құдықтарды монтаждау Земнухов, Балқадиша, Шмидт, Свободная, Хакасская, Лермонтов, Тренев және Костромская көшелерінде жүргізіледі.

Жоба тамыздың соңында толық аяқталады деп жоспарланған. Осылайша, бүкіл шағын аудан орталық сумен және кәріз желілерімен толық қамтылады. 

Айта кету керек, жобада абоненттерді сумен жабдықтау желілеріне қосу көзделген, ал кәріз желісіне қосу абоненттер есебінен жүзеге асырылады.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен биыл барлығы 142 км салу және 48 км сумен жабдықтау желілерін жаңғырту көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су желілері #Кәріз жүйесі #құрылыс #жол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Бүгін 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Бүгін 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Бүгін 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);