AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы «Тигрохауд» базары жаңғыртылған соң жұм...

Алматыдағы «Тигрохауд» базары жаңғыртылған соң жұмыс орны көбейеді

Әлеумет 19.06.2024, 11:29 659 Bakyt
Алматыдағы «Тигрохауд» базары жаңғыртылған соң жұмыс орны көбейеді
almaty-akshamy.kz

Алматыдағы «Тигрохауд» базары жаңғыртылған соң сатушылар мен сатып алушыларға қолайлы жағдай жасалады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Жұмыс сапары және халықпен есептік кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев қаланың Әуезов ауданындағы «Тигрохауд» базарын жаңғырту барысымен танысты.

Жаңғырту аясында сатушылар үшін де, сатып алушылар үшін де қолайлы жағдай жасалады. Қазір болашақ екі қабатты сауда орталығының іргетасы құйылып жатыр. 

Жаңғыртудан кейін жұмыс орнының саны 100-ден 160-қа дейін көбейеді. 

Жоспарға сәйкес, сауда нысанына баратын жолдарға асфальтбетон, ал кіреберістер, алаңдар мен жолдарға тротуар плитасы төселеді. Жобада 40 көлікке арналған тұрақ қарастырылған. Сондай-ақ, заманауи желдету, ауаны баптау және жарықтандыру жүйелерін орнату, санитарлық тораптарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, демалыс аймақтарын жайластыру жоспарлануда. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылдың сәуір айында басталды. Ол 2025 жылдың қазан айында аяқталады. 

Аралау барысында қала басшысы Ерболат Досаев іргелес аумақты абаттандыру мен көгалдандыруды сапалы орындау маңызды екенін атап өтіп, Әуезов ауданының әкіміне құрылыс жұмыстарының әрбір кезеңінің орындалуын бақылауға алуды тапсырды.

Әкім полицентристік даму аясында халық осындай сауда кешендеріне қол жеткізуі тиіс екенін атап өтті.    

«Тигрохауд» фирмасы» ЖШС Бас директоры Жанар Құрабаева қала әкімдігіне алғыс айтып, әкімнің сауда орталығының шатырын пайдалану жөніндегі ұсынысы жаңғырту жобасында жүзеге асатынын атады. 

«Тигрохауд» базары 1992 жылы салынған. Құрылыс салынған соң жөндеу жұмыстары тек 2000 жылы жүргізілді.  

Базарды жаңғырту бағдарламасы аясында контейнерлер өртке қарсы, санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіндей қолайлы жағдай жасалып, заманауи ғимаратқа ауыстырылады. 

Жобаға салынған жеке инвестицияның жалпы сомасы 2,4 млрд. теңгеден асады.

Айта кететін нәрсе, бүгінде Алматыда сауда қызметін реттеу туралы заңға сәйкес 33 базар жаңғыртылды, тағы 9-ы 2025 жылға дейін жаңғыртудан өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тигрохауд #Ерболат Досаев #Әуезов ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);