Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыдағы тергеу изоляторынан 80-ге жуық күдікті...

Алматыдағы тергеу изоляторынан 80-ге жуық күдікті босатылуы мүмкін

Заң мен тəртіп 07.11.2022, 06:16 1,211
Алматыдағы тергеу изоляторынан 80-ге жуық күдікті босатылуы мүмкін
Сурет: Polisia.kz

2 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Рақымшылық жасау туралы” Заңға қол қойды.


Қанды қаңтар оқиғасы кезінде бейбіт шерумен бірге алаңға шығып, артынан арандатушылардың торына түсіп қалғандар көп. Аталған Заң бойынша осындай қаңтар оқиғасына қатысушылардың біразы ақталып, әртүрлі деңгейде қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Жыл басында еліміздегі ең үлкен мегополис – Алматы қаласындағы № 72 мекемесіне (тергеу изоляторы) қаңтар оқиғасына қатысты 563 адам қамалған болатын. Бүгінде оның 65-і жазасын өтеу орындарына кетсе, 416 адам түрлі негіздер бойынша қамаудан босатылды. Қазір тергеу изоляторында қаңтар оқиғасына қатысты 82 адам ұсталуда. “Рақымшылық жасау туралы” заңына байланысты осы күдіктілерге қатысты жұмыстар жүргізілуде. Олардың арасында мерзімінен бұрын шартты түрде босатылатындар мен жазасын жеңілдетуге жататындар бар, керісінше 3 адамның жасаған қылмысы рақымшылық жасауға жатпайды.


“Рақымшылық жасау туралы” ҚР Заңын қолдану үшін барлық материалдар Алматы қаласының аумақтық сотына жіберілді. Аталған Заңда террорлық, экстремистік, сыбайлас жемқорлық қылмыстар, мемлекетке опасыздық жасау, азаптау, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылықтарына қарсы қылмыстар жасаған адамдарға рақымшылық жасалмайтыны көрсетілген.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тергеу изоляторы #күдікті #Босату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика