AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Алматыдағы сайлау үрдісін қоғамдық ұйымдардың белс...

Алматыдағы сайлау үрдісін қоғамдық ұйымдардың белсенділері бақылайды

Саясат 18.10.2022, 12:14 1,714 Almaty-akshamy
Алматыдағы сайлау үрдісін қоғамдық ұйымдардың белсенділері бақылайды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сайлау күні сайлау учаскелеріне байқаушылар бекітіліп, олар мониторинг жүргізіп, сайлау барысын бақылайды


Қоғам белсенділері өздерінің әлеуметтік желілері арқылы алматылықтарды  сайлау науқанының барысы мен  Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының  өткізілу үрдісін бақылауға  қатысуға шақырды. Бұл туралы журналистерге қор белсендісі, қоғам қайраткері, Independ Digital Agency басшысы Рафаэль Гасанов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Белсендінің айтуынша, қазірдің өзінде 100 азамат бақылаушы болуға ниет білдірген.




– Бақылау үрдісін жүргізу  үшін әдетте бізге 500-600-дей адам қосылады, өткен референдумда да, өткен Мәжіліс сайлауында да солай болды, бұл жолы бақылаушылар одан кем болмайды деп сенеміз, – деді қоғам қайраткері.



Рафаэль Гасанов мәлімдегендей, жақын арада бақылаушылар мектебі өз жұмысын бастамақ, белсенділер оның ашылғаны туралы әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарлайды. Дәріскер ретінде сайлау учаскелерінде жұмыс тәжірибесі бар волонтерлер қатысады. Еріктілермен қоса  заңгерлер де шақырылады, олар  болашақ байқаушыларды сайлау заңнамасының негіздерімен таныстырады.  Барлық белсенділер анықтамалық әдебиеттермен, атап айтқанда, «бақылаушы дәптерімен» қамтамасыз етіледі, бұл оларға  сайлау учаскелері мен сайлау барысын мониторингілеу мен бақылау кезінде құқықтық ресурс ретінде қажет болады.  


Рафаэль Гасанов тұжырымдағандай, «Қоғамдық пікір» қорының бақылаушылары сайлау учаскелерінің сайлауға дайындығын, атап айтқанда, олардың қажетті құрал-жабдықтармен және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін тексереді.


Сайлау күні сайлау учаскелеріне байқаушылар бекітіліп, олар мониторинг жүргізіп, сайлау барысын бақылайды. Сондай-ақ қоғамдық белсенділер сапынан мобильді топтар құрылады. Олар даулы мәселелер, заң талаптарының сақталуы, дауыс беру ережелері бойынша сұрақтар туындаған жағдайда жедел түрде сайлау учаскелеріне барады.


Сайлау күні қоғамдық белсенділер  жарты сағат сайын сайлау науқаны барысы туралы есеп дайындайды. Олар өңірлердегі өкілдермен  онлайн режимде пікір, дерек  алмасады, бұл бүкіл елдегі дауыс беру барысына талдау жасауға  мүмкіндік береді.


Рафаэль Гасанов бұл жұмыстардың қорытындысы бойынша қоғамдық белсенділер  арнайы қарар дайындайтынын айтты. Бұл құжатта олар өздерінің барлық бақылау жұмыстарының  нәтижелерін көрсетеді. Қарар ОСК-ға жіберіледі.


Брифингте Рафаэль Гасановпен қатар басқа да қоғамдық белсенділер – журналист, блогер, «Aнық Time» телебағдарламасының жүргізушісі Мақсат Мамадияров және т.б. сөз сөйледі. Олар кәмелеттік жасқа толған жастарды  бақылау процесіне белсенді қатысуға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #Бақылаушы #ұйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);