Елдің дамуы, бейбітшілік пен бірлік тақырыптарына арналған көркем туындылар келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматыдағы №650 сайлау учаскесіне келген тұрғындар жастардың шығармашылық туындыларымен танысты.
Елдің дамуы, бейбітшілік пен бірлік тақырыптарына арналған көркем туындылар келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Мұндай бастамалар жас таланттарды қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға және өнерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Еске сала кетейік, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлау барысына қатысты қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.