AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Құрылтай / Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беру...

Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беру шашумен басталды

Құрылтай 23.08.2026, 08:51 207
Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беру шашумен басталды
Алматы әкімдігі

Құрылтай сайлауының алғашқы сағаттарында Наурызбай ауданындағы №542 сайлау учаскесінде ерекше көңіл күй орнады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Дауыс беруге келген тұрғындарды ақ жаулықты аналар ұлттық дәстүрмен шашу шашып қарсы алды.

Ұлттық салтпен басталған бұл сәт сайлау күніне мерекелік реңк беріп, жиналған жұртқа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Бүгінгі сайлау — ел болашағын айқындайтын маңызды оқиға. Сондықтан азаматтық жауапкершілік танытып, таңдау жасау үшін келдік», — деді аудан тұрғындары.

Наурызбай аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мәдениет Жәркенов жастарға үлгі болу үшін сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келгенін айтты.

«Жастарға үлгі көрсету үшін алғашқылардың қатарында келіп, дауыс бердік. Еліміздің жарқын болашағына сенеміз. Партиялардың бағдарламаларымен таныстық», — деді ол.

Ал Орал Нұрмұханбетова сайлау нәтижесінде әлеуметтік салада оң өзгерістер болады деп үміттенетінін жеткізді.

«Жеке тұлғаны қорғау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәселелеріне басымдық беріледі деп сенеміз. Елімізде тұрақтылық пен бейбітшілік сақталып, халықтың әл-ауқаты арта берсе екен», — деді ол.

Айта кетейік, №542 сайлау учаскесі №187 мектептің ғимаратында орналасқан. Таңнан бері мұнда сайлаушылар белсенді келіп жатыр. Дауыс беруге барлық қажетті жағдай жасалып, сайлау үдерісі белгіленген тәртіпке сай ұйымдастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда №2 перзентхананың жаңа ғимараты салынып жатыр

Бүгін 11:56

Қазақстан халықаралық капитал үшін жаңа бағыттарды ашуда

Бүгін 10:43

Елімізде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды түрде ұсынылады

Бүгін 10:41

Қазақстан Еуразияның транзиттік хабына айналуда

Бүгін 10:38

Соңғы жеті жылда Қазақстанда 800 мыңға жуық автомобиль өндірілді

Бүгін 10:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);