Спортшы Д.А. Қонаев атындағы колледжде орналасқан №169 сайлау учаскесінде дауыс берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Қазақстанның намысын халықаралық жарыстарда қорғап жүрген Дидар үшін сайлауға қатысу – азаматтық ұстанымын білдіріп, таңдау жасау мүмкіндігі.
«Менің ойымша, әрқайсымыз жұмысымызға ғана емес, еліміздің болашағына да жауапты болуымыз керек. Бүгін сайлау учаскесіне таңдау жасап, дауыс беру құқығымды пайдалану үшін келдім», - деді Дидар Әмірәлі.