AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы қолжетімді орта: тексерулер қорытындысы...

Алматыдағы қолжетімді орта: тексерулер қорытындысы бойынша 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Алматы Бүгін 18:54 31 yakiya
Алматыдағы қолжетімді орта: тексерулер қорытындысы бойынша 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мүгедектігі бар адамдар мен басқа да жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолжетімді және кедергісіз орта қалыптастыру мәселелеріне арналған брифинг өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Мұратбеков қатысты.

Департамент басшысының айтуынша, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету - мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарының бірі әрі қоғам дамуы деңгейінің маңызды көрсеткіш.

«Қолжетімділік мәселесі - бұл тек заң талаптарын орындау ғана емес. Бұл - адам қадір-қасиетіне деген құрметтің және барлық азаматтарға тең мүмкіндіктер қағидатын жүзеге асырудың көрсеткіші», - деп атап өтті Мұрат Мұратбеков.

Бүгінде Алматыда мүгедектігі бар 60 мыңдай адам тұрады. Олар үшін қолжетімді орта қала ішінде өз бетінше қозғалу, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді алу, жұмыс істеу, білім алу және қоғамдық өмірге белсенді қатысу мүмкіндігін білдіреді.

Департамент әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында қолжетімділік талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізеді. Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс тәртіппен өткізіліп, мамандар міндетті түрде нысандарға барып тексереді.

2026 жылдың басынан бері әлеуметтік инфрақұрылымның 45 нысанына тексеру жүргізілді. Бақылаушы органның назарында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, қызмет көрсету және кәсіпкерлік саласының нысандары болды.

Тексеру барысында пандустар мен көтергіш құрылғылардың бар-жоғына, жай-күйіне, кіреберіс аймақтардың қолжетімділігіне, санитарлық-гигиеналық бөлмелердің жабдықталуына, қызметкерлерді шақыру түймелерінің, тактильді көрсеткіштердің, мүгедектігі бар адамдарға арналған автотұрақ орындарының болуына, сондай-ақ көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігіне ерекше назар аударылды.

Тексеру нәтижесінде 32 нысанға анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы орындауға міндетті нұсқамалар берілді. Тағы 6 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы - 2 млн 76 мың теңге.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, ведомствоның негізгі мақсаты айыппұл салуды емес, қолданыстағы кедергілерді жою және азаматтардың қажетті қызметтерге нақты қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздейді.

Қазақстан Республикасының заңнамасында мүгедектігі бар адамдар үшін нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз ету талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Айыппұл мөлшері құқық бұзушының санатына қарай 50-ден 400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін өзгереді. Бір жыл ішінде заңбұзушылық қайталанса, айыппұл көлемі едәуір артады.

Департаментте атап өткендей, берілген нұсқамалар орындалмаған жағдайда бақылау тексерістері жүргізіліп, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес қосымша шаралар қабылданады.

Кедергісіз орта қалыптастыру мемлекет әлеуметтік саясатының маңызды міндеттерінің бірі болып қала береді. Алматыда барлық санаттағы азаматтар үшін қалалық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жалғасатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1 шілдеден бастап Алматыда мүгедектігі бар адамдар үшін жаңа нысандардың қолжетімділігіне бақылау күшейтіледі

Бүгін 18:59

ҚазҰУ мен Журналистика академиясының бірлескен отырысы өтті

Бүгін 17:53

Алматылық дәрігерлер 9 жастағы баланы ажалдан арашалап, бүйрегін сақтап қалды

Бүгін 17:29

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институты ашылды

Бүгін 16:09

Farabi Hub инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы

Бүгін 16:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);