Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыдағы Қастеев мұражайында ерекше көрме ашылды

Алматыдағы Қастеев мұражайында ерекше көрме ашылды

Оқиға 10.11.2022, 09:26 1,044
Алматыдағы Қастеев мұражайында ерекше көрме ашылды
Сурет: 24.kz

Киіз басу өнерін меңгергендер Алматыда халықаралық фестивальде бас қосты. 


Бірнеше мың жыл бұрын Орталық Азиядан басталған киіз басу өнері бүгінде әлемнің көп еліне тарап, үлкен кәсіпке айналды. Текемет басу мен сырмақ тігуді шетелдіктер қазір де үйреніп жүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» cайтынаа сілтеме жасап.


Киіз – бұл номадтар ойлап тапқан тоқыма емес, матаның ең көне түрі. Көшпелілер үшін қасиетті мәнге ие. Мамандардың айтуынша, кезінде ақ киізге көтеріп хан сайланған. Ал нәрестені жұқа және жылы киіз жаялыққа ораған.


Алматыдағы Қастеев мұражайында ерекше көрме ашылды. Мұнда киізден басылған түрлі текеметтер қойылған. Экспозициялардың жартысынан көбі шет елдік шеберлердің қолынан шыққан. 


«Текеметтер әртүрлі елде басылғанымен өрнектің түрлері мен пішіндерінде айырмашылық жоқ», – дейді шеберлер. Өйткені киіз басу өнері Орталық Азиядан тараған. Түркиядан келген шебер Салих Гиргич шеберлік сағатында мозаика әдісімен киіз басудың қыр-сырын көрсетті.



«Қазақ пен түріктердің киіз басу дәстүрінде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Біз тек сырмақ жасамаймыз. Киіз басумен ғана айналысамыз. Бізде киіз басу атадан балаға мұра болып келеді. Атам 1965 жылы бастаған кәсіпті әкем жалғастырып, қазір мен осы дәстүрді дамытып жүрмін», - дейді Түркиядан келген киіз басу шебері Салих Гиргич.



Киіз басушы шеберлердің халықаралық фестивалі елімізде бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Мәдени мұраны дәріптеушілер Орталық Азия елдерінен өзге Түркия, АҚШ, Венгрия, Щвейцария, Голландия, Англия және Франциядан келген.



«Қазақтарда киіз басу әйелдердің ісі. Еркектер тек ауыр жұмыстарға көмектеседі. Ал Түркия мен Иранда киіз басумен көбінесе кәсіп ретінде еркектер айналысады. Одан кейін көптеген ел қойдың жүнін қалыпқа қолмен жаяды. Түріктер арнайы тырманы пайдаланады. Ал оюлар қолмен қойылады», - дейді Қазақстан Қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Бекқұлова. 



Киіз басушыларды бір жерге тоғыстырған халықаралық фестиваль бір аптаға жоспарланған. Алдағы күндері қолөнершілер тәжірибе алмасып, шеберлік сабақтарын өткізеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ерекше көрме #текемет #киіз басу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика