AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы Оқушылар сарайының алдындағы скверді ре...

Алматыдағы Оқушылар сарайының алдындағы скверді реконструкциялау жөніндегі жоспарлар туралы

Әлеумет 08.07.2022, 12:35 1,411 Almaty-akshamy
Алматыдағы Оқушылар сарайының алдындағы скверді реконструкциялау жөніндегі жоспарлар туралы
Сурет: Дереккөз

Сквердің аумағында күрделі жөндеу жұмыстары 15 жылдан астам уақыт  бойы жүргізілмеген. Қазіргі уақытта алаң қараусыз қалған күйде көрінеді:



- саябақтың үлкен аумағында түнгі уақытта жарық жоқ;   
- тротуарлардың төсемі қанағаттанарлықсыз жағдайда, сынған, кей жерлерде елеулі олқылықтар орын алған;
- газондар тапталып, бүкіл аумақтың шөбі жойылған;
- суару жүйесі істен шыққан ;
- шағын сәулет пішіндері, орындықтар, урналар және т.б. қанағаттанғысыз жағдайда.
Сонымен қатар Оқушылар сарайының жанындағы сквер ҚР "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңымен қорғалады. Сквердің аумағы ресми түрде Алматы қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерінің, ескерткіштердің Қорғау аймағына, құрылыс салуды реттеу аймағына және қорғалатын табиғи ландшафт аймағына кіреді.
Скверді қайта құрудың ағымдағы жобасы 2021 жылы әзірленді. Аяқталу мерзімі - 2022 жылғы 30 қараша. Сквердің жалпы алаңы - 5 га.2021 жылғы желтоқсанда "EC ENERGY Qazaqstan"ЖШС мердігерлік ұйымымен тиісті шарт жасалды.
Саябақты реконструкциялау оның бастапқы келбетін өзгертуді қарастырмайды. Асфальт төсемімен ауыстыру жазғы кезеңде асфальт жабынының тез қызуына байланысты жүргізіледі, бұл тұрғындарға ыңғайсыздық туғызады. Жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін уақытша бөлшектелген гранит жабындары мен қабырғалар ескерткіштердің айналасында және орталық аллеяның бойында қайта орнатылады.
Жобада қарастырылатыны:
- қолданыстағы аумақты халықтың түрлі жастағы топтарына арналған көпбейінді кеңістік ретінде қайта құру. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын жақсарту;
- бұрыннан бар суару жүйесін қалпына келтіру;
- кешкі уақытта сквердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сыртқы жарықтандыру жүйесін әзірлеу;
- жаңбыр жауған кезде аумақты су басуына жол бермеу мақсатында су бұру жүйесін әзірлеу;
- аумақта балалар шығармашылығына арналған алаңдарды, түрлі шағын сәулет пішіндерін, ойын төбелерін, үстел ойындарына арналған алаңдарды, шағын амфитеатрды  жасау қарастырылған.
Жобада сквердің құрылымын өзгерту, сау ағаштарды кесу қарастырылмаған. Жоба скверді сақтауға және оның функционалдық жағдайын қолдауға бағытталған. Сондай-ақ, жоба жұртшылықпен бірнеше рет талқыланғанын, заңнамада белгіленген тәртіппен ресми қоғамдық тыңдаулар өкен болатын. Жоба вневедомствалық кешенді сараптаманың оң қорытындысын алды және бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіштермен іске асыруға ұсынылды.




Еске салсақ, реконструкциялау бойынша алғашқы жоба 2018 жылы әзірленген болатын. Жоба шын мәнінде жасыл желектерді  кесу және алаңның бастапқы келбетін өзгерту бойынша көптеген жұмыстарды қамтыды. Осыған байланысты ағаштарды және сквердің бастапқы келбетін сақтай отырып, қайта сараптама жүргізілді.




- Интернетте ақаулы гранит шекараларының бейнелері пайда болуда. Жұмысты тексеру барысында басқарма мамандары бөлшектеу кезінде гранит жиектерінің зақымдану фактісін анықтады. 
Осыған байланысты мердігер ұйымға қатысты абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жазалау шаралары қабылданды. 
Айта кетерлігі, Оқушылар сарайының жанындағы скверде жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін уақытша бөлшектелген гранит жиектастары мен қабырға аралықтары ескерткіштердің айналасына және орталық аллеяның бойына қайта орнатылады, - деді Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #оқушылар сарайы #реконструкция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Домбыраға тіл тигізген ақтөбелік сотталды

Бүгін 18:27

Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар аллеясы ашылды

Бүгін 18:16

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Бүгін 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);