Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы медициналық ұйымдар 220 млрд теңгеден а...

Алматыдағы медициналық ұйымдар 220 млрд теңгеден астам қаржы алды

Әлеумет 09.10.2024, 12:33 1,390
Алматыдағы медициналық ұйымдар 220 млрд теңгеден астам қаржы алды
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

2024 жылдың тоғыз айында Медициналық сақтандыру қоры алматылықтардың емделуіне тегін медициналық көмек пакеті мен МӘМС аясында 220 млрд теңгеден астам қаражат жұмсады. Бұл жылдық бюджеттің 66%-ын құрайды, деп атап өтті Алматы филиалының директоры Ілияс Мұхамеджан Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оның айтуынша, медициналық ұйымдарға төлемдер қазір қордың e-saqtandyru ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілуде.

Биыл 9 айда сақтандырылған алматылықтар МӘМС жүйесі арқылы жалпы құны 97 млрд теңге болатын медициналық көмек түрлерін пайдаланған. 
Шығынның басым бөлігі, яғни 54 млрд теңгесі стационарлық медициналық көмекке, 3,9 млрд теңге – күндізгі стационарлар көрсеткен қызметтерге төленді.    

«Медициналық көмекке жүгінген азаматтар тарапынан емдеу мен диагностиканың бағасы қымбат түрлері, салалық мамандардың консультациялары, сондай-ақ зертхана талдауларына деген сұраныс жоғары болған. Жарты жылда аталған қызметтерге 18,1 млрд теңге жұмсалды», - деді филиал басшысы. 

Филиал басшысының сөзіне қарағанда, соның ішінде компьютерлік томография мен магнитті-резонанстық томографияға (КТ/МРТ) деген сұраныс бұрынғыша жоғары күйінде қалып отыр. Жалпы Алматыда жасалған 80 мың КТ мен МРТ үшін 1,3 млрд теңге жұмсалды.  

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен күн сайын құны бірнеше миллионға жетіп жығылатын жоғары технологиялы операциялар жасалып жатыр. Биылғы  жылы Алматы қаласында осындай оталарға 14,7 млрд.теңге жұмсалыпты»,- дейді филиал басшысы. 

Реабилитация жеке бағытты қамтиды. Оған 6,3 млрд теңге бөлінген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #қаржы #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің кереметтері туралы өз біліміңізді тексеріңіз

Кеше 21:48

Таяу Шығысқа таяуда бару мүмкін емес: қазақстандықтар енді қайда демалады?

Кеше 20:25

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Кеше 20:24

Дархан Сатыбалды Алматы халқына үндеу жасады

Кеше 18:43

Киік мүйізі сатылатын болды

Кеше 17:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика