AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыдағы көрмеге 80-нен астам авторлық жұмыс қой...

Алматыдағы көрмеге 80-нен астам авторлық жұмыс қойылды

Мәдени Алматы 08.05.2026, 15:38 113 yakiya
Алматыдағы көрмеге 80-нен астам авторлық жұмыс қойылды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Көрме Дизайнерлер одағы мен Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

7 мамыр күні суретші-мүсінші, дизайнер әрі фототілші Дәурен Мақсұтханұлының «Бейнеленген дүние» атты жеке шығармашылық көрмесі ашылған. Өңірлік коммуникациялар қызметінде осы туралы айтылды.

Жоба Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына, фотография өнерінің пайда болғанына 200 жыл толуына арналды.

Көркем галереядағы экспозицияға 80-нен астам авторлық туынды қойылған. Жұрт онда ағаш пен қоладан жасалған мүсіндерді, кескіндеме жұмысын, дизайнерлік жобаларды, АҚШ, Түркия, Өзбекстан мен Қазақстанда түсірілген сәулеттік фотосуреттерді, сондай-ақ Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми мұрасы туралы деректі фильмдер циклін тамашалай алады.

Автордың айтуынша, өнердің түрлі бағыттарын қамтыған көрме әлемді қазіргі көркем тіл арқылы қабылдаудан барып туыпты.

«Экспозиция тарихи сабақтастықты, әлемдік мәдениет пен өнердің өзара байланысын ашады, сондай-ақ ұлттық мұраны осы заманғы өнер тілімен зерделеуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Дәурен Мақсұтханұлы.

Жоба аясында фотография, мүсін, дизайн мен деректі киноның синтезіне ерекше назар аударылғанын айтты спикер.

«Фотография мен визуалды өнер арқылы біз мына әлемнің сан қырын көрсетіп, мәдени жадты келер ұрпаққа жеткізуді мақсат етеміз», – дейді.

Дәурен Мақсұтханұлы «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Қазақстан Республикасының Дизайнерлер одағы, Еуразиялық дизайнерлер одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, сондай-ақ Фотоөнер қоғамдық бірлестігінің вице-президенті. Қазіргі таңда ол өнер, дизайн мен фотография саласында оқытушылық әрі ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып жүр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36

Көкшетауда көлік әйелді басып өлтірді

Бүгін 12:31

Бүгін – Аналар күні

Бүгін 11:14

Бәйтерек маңында ерсі суретке түскен студент жазаланды

Бүгін 10:37

Қазақстандықтар 2026 жылы қанша күн демалады?

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);