AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы колледж студенттері шетелде практикадан...

Алматыдағы колледж студенттері шетелде практикадан өтіп жатыр

Барлығы 28.01.2026, 15:35 293 Сұлу
Алматыдағы колледж студенттері шетелде практикадан өтіп жатыр
Алматы әкімдігі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы Білім басқармасының стратегия және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ерік Әбішаев техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі дуальды оқытуды дамыту барысы мен халықаралық ынтымақтастық туралы айтып берді.

Спикердің айтуынша, колледждер өндіріс орындарымен тығыз байланысып білім береді екен. Қазір 22 мыңнан астам студент, яғни тегін оқитындардың 43,7%-ы осы дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алып жатыр.

"Дуальды оқыту студенттерге өндіріс орнының өзінде кәсіби дағдыны меңгеріп алып, оларды еңбек нарығына жұмыс істеген, тәжірибесі бар маман болып баруына мүмкіндік береді", – дейді Ерік Әбішаев.

Бұл модельді іске асыру мақсатында 71 мамандық бойынша 770 кәсіпорынмен келісімшарт жасалған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша колледж түлектерін жұмысқа орналастыру деңгейі 94,3%-ды құрады, оның ішінде 17 мыңнан астам түлек тұрақты жұмысқа орналасқан.

Сонымен қатар, шетелдік серіктестермен ынтымақтастық аясында Алматының алты колледжінен 110 студент Қытайда, тағы 16 студент Германияның кәсіпорындарында ақылы өндірістік практикадан өтіп қайтты.

"Халықаралық практика мен қос дипломды білім беру бағдарламасы студенттерге бәсекеге қабілетті дағдыны меңгеріп, елдің шеңберінен шығып, халықаралық еңбек нарығында да сұранысқа ие болуына сеп болып отыр", – деп атап өтті спикер.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің кәсіби дағдыларын халықаралық стандарттарға сай дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Алматының мемлекеттік колледждерінде WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихандар енгізілген. Бұл емтихандар түлектердің кәсіби дайындық деңгейін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Спикердің айтуынша, бұл  студенттерге өз дағдысын растап, жұмыс берушілерге болашақ мамандардың дайындық деңгейін көруге жол ашады.

2025 жылы демонстрациялық емтихандарға 3 620 түлек қатысып, олардың 3 521-і Skills Passport иегері атанды. Алматыда студенттердің машықтануын өндіріске барынша жақын ортада жетілдіретін 18 құзыреттер орталығы жұмыс істейді. WorldSkills аймақтық және іріктеу чемпионатының қорытындысы бойынша жеңімпаздарға әкімдік тарапынан жалпы сомасы 9 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Студент #практика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Кеше 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Кеше 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Кеше 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кеше 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика