AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы кейбір бау-бақша серіктестіктерінде ал...

Алматыдағы кейбір бау-бақша серіктестіктерінде алғаш рет көше жарығы орнатылады

Әлеумет 27.02.2025, 10:51 760 Nursok82
Алматыдағы кейбір бау-бақша серіктестіктерінде алғаш рет көше жарығы орнатылады
Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Медеу ауданында 65 шақырым кабельдік желі ауыстырылып 10 мың жаңа шам орнатылды

Алматы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында Медеу ауданында жүргізіліп жатқан көше жарығын жаңғырту жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мәселен, 2024 жылы ауданда 65 шақырым кабельдік желі ауыстырылды, 10 мың жаңа шам және 185 бағана орнатылды.

«Биыл сәуір айында 104 бау-бақша серіктестігінде және бұрын жарық болмаған 5 көшеде – Бектұров, Тәжбенов, Бәйішев, Әлімжанов және Қыз Жібек көшелерінде 83 шақырым көше жарығын жүргізу жұмыстары басталады. Бұл бұрын-соңды көшелерінде жарық болмаған аумақтар, бұл жұмыстарды 2025 жылдың қараша айына дейін толық аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деді Ерболат Досаев. 

Осылайша, 2025 жылдың соңына дейін аудан көшелерін 100% жарықтандыру көзделген.

Бұған қоса, Алматы әкімі қаланың маңызды имидждік жобасының бірі – «Көктөбе» телемұнарасын сәулеттік жарықтандыру туралы айтты. Бұл жоба былтыр тамыз айында іске қосылған. Жарықтандыру жүйесі 38 мың LED-модульден, 153 прожектордан және 377 қуат блогынан тұрады. Жаңа жарық жүйесі әртүрлі шаралар кезінде ерекше атмосфера қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, биыл Алматыда 600 бұрын жарықтандырылмаған учаскеге көше жарығын жүргізу, 4 500 жаңа жарық шамын орнату және 800 көшені жарықтандыру басқару шкафын жаңғырту жоспарланған. Сондай-ақ, ұзындығы 136 шақырым болатын жаңа жарық желілері салынады. Бұл шаралар қала кеңістігінің 100% жарықтандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көше жарығы #Жарықтандыру #кабель ауыстыру #әлеумети
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);