Алматыдағы кәсіпорындар автоматтандырылған бақылау жүйесіне көшіп, жаңа технологияларды енгізуге міндеттелді

  • 16:31, 11 желтоқсан 2025
Алматыдағы кәсіпорындар автоматтандырылған бақылау жүйесіне көшіп, жаңа технологияларды енгізуге міндеттелді ӨҚК

Алматыда кәсіпорындардың қоршаған ортаға ықпалын азайтып жатыр: I санаттағы нысандар зиянды заттарды автоматты түрде бақылауға   көшіп, жаңа экологиялық талаптарды міндетті түрде орындайды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Экология департаменті, Ядролық физика институты мен қаланың ірі кәсіпорындарының өкілдері осылай деп хабарлады.

Экологиялық кодекс бойынша қоршаған ортаға әсер ететін нысандар төрт санатқа бөлінеді. Алматыда экологияға әсері ең жоғары I санатқа 18 нысан кіреді, оның ішіндегі екеуі – үлкен кәсіпорын. Барлығы жыл сайын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары қалай орындалып жатқаны туралы есеп беріп отыруға міндетті. Бұл жоспарларда табиғатқа теріс әсерді азайтуға бағытталған жұмыстар қамтылып, сондай-ақ зиянның нормативтері мен қалдықтың лимиттерін сақтауды бақылайды. Құжаттар экологиялық рұқсаттың бүкіл қолданылу мерзіміне әзірленіп, міндетті сараптамадан өтеді.

Негізгі талаптың бірі – автоматтандырылған эмиссия бақылау жүйесін енгізу. Мұндай жүйелер зиянды заттың ауқымын уақытылы тіркеп, деректі ұлттық базаға автоматты түрде жібереді. Бұл нормативтер асып кетсе жедел әрекет етіп, экологиялық ақпаратты халыққа ашық қылуға көмектеседі. Алматыда АСМ жүйесі "АлЭС" АҚ-ның ТЭЦ-1, ТЭЦ-2 және Батыс жылу кешенінде енгізілді. "Алматыжылужайэнерго" ЖШС-нің "Орбита" қазандығында жүйе жобасы әзірленіп, оны сынақтан өткізіп, келер жылы пайдалануға бермек.  

Келесі маңызды қадам – кәсіпорындардың ең озық технологияларға (ЕОҚТ / НДТ) көшуі. Мұндай технологиялар зиянды айтарлықтай азайтып, экологиялық стандарттарды көтеруге мүмкіндік береді. I санаттағы нысандар біртіндеп ЕОҚТ негізіндегі кешенді экологиялық рұқсаттарға көшіріліп жатыр. Олардың қатарында елдегі экологияға әсері ең жоғары нысанның бірі – "АлЭС" АҚ-ның ТЭЦ-2 нысаны да бар. НДТ енгізген кәсіпорындар үшін экономикалық ынталандыру қарастырылған: 10 жыл бойы зияндылығы үшін төлемнен босатылады. Жаңғыртудан бас тартқан жағдайда төлем мөлшерлемесі 2, 4 немесе 8 есе артады. Жаңа нысандарға да осындай талап қойылады. ЕО-ға мүше елдердің тәжірибесі көрсеткендей, НДТ енгізу нәтижесінде NO₂ шығарындылары 69 %-ға, SO₂ – 94 %-ға,  шаң – 94 %-ға қысқарған. Алматыда жүргізіліп жатқан модернизация да ластануды едәуір азайтып, ауаның сапасын жақсартуы тиіс.

Баспасөз конференциясында қала, ғылыми ұйымдар мен бизнес арасындағы бірлескен жұмыстар экологиялық бақылауды күшейтіп, Алматы өнеркәсібін қоршаған орта мен тұрғындарға барынша қауіпсіз ететіні айтылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:49

17:45

17:31

17:07

16:31

16:29

16:28

16:27

16:27

16:13

16:00

15:49

15:41

15:32

15:15

15:08

15:00

14:35

14:23

14:14

13:40

12:30

12:15

12:01

11:56