AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы жатақхана құрылысы қала әкімінің ерекше...

Алматыдағы жатақхана құрылысы қала әкімінің ерекше бақылауында

Барлығы 08.10.2025, 17:25 471 Сұлу
Алматыдағы жатақхана құрылысы қала әкімінің ерекше бақылауында
Алматы әкімдігі

Алматы қаласында 2025 жылдың басынан бері 4 жекеменшік және 2 жоғары оқу орнына тиесілі жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 5 жатақхананың құрылысы аяқталып, іске қосылады. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков хабарлады.

«Біз үшін Алматыда білім алып жатқан студенттердің жайлы жағдайда тұруы аса маңызды. Осы бағытта инвесторларды қолдаймыз, жоғары оқу орындары мен жеке әріптестер үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынамыз. Бұл жай ғана құрылыс емес, бұл ертең қаланы дамытуға атсалысатын жастарға жасалған инвестиция», - деді Азамат Қалдыбеков.

2025 жылдың алғашқы тоғыз айында қалада жалпы сыйымдылығы 1 115 орынға арналған 6 жатақхана іске қосылды. Оның төртеуі жекеменшік, екеуі жоғары оқу орындарына арналған. Жыл аяғына дейін тағы 4 934 орынға арналған 5 нысан пайдалануға беріледі.

Жобалардың жүзеге асу қарқынын арттыру және бизнестің қызығушылығын күшейту мақсатында Алматыдағы ұлттық жоғары оқу орындары үшін ғимараттарды жатақханаға бейімдеуге берілетін мемлекеттік тапсырыс мөлшері ұлғайтылды. Бұрын бұл көрсеткіш бір орынға 92 АЕК болса, енді ол 182 АЕК-ке дейін артты.

Бұл инвесторлар үшін әжептәуір ынталандыру болып отыр. Соның нәтижесінде жатақхана салу жеделдеп, студенттер заманауи әрі жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Студенттік жатақханалар инфрақұрылымын дамыту – жастар үшін жайлы қала қалыптастырудағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Бұл қалада әрбір студент сапалы білім алып, дамып, өзінің әлеуетін толықтай жүзеге асыра алуға тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жатақхана #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Кеше 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Кеше 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Кеше 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Кеше 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика