AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы жаңа полиорталық: мектептер, тұрғын үйл...

Алматыдағы жаңа полиорталық: мектептер, тұрғын үйлер және саябақтар

Барлығы 17.09.2025, 09:44 682 Сұлу
Алматыдағы жаңа полиорталық: мектептер, тұрғын үйлер және саябақтар
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Алатау ауданындағы бірқатар нысанды аралап, «Батыс» полиорталығын дамыту жайын талқылады.

Қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында моноорталықты дамудан көпорталықты үлгіге көшу көзделген. Қаладағы іскерлік белсенділікті қайта бөлуге, орталық аудандардағы жүктемені азайтуға және жаңа өсу нүктелерін қалыптастыруға бағытталған полиорталықтардың бірі Алатау ауданында орналасады.

200 гектар аумақтағы «Батыс» полиорталығы аясында 9 жаңа балабақша, 6 мектеп, спорт кешендері, 70 гектарлық рекреациялық аймақ пен саябақ, 920 мың шаршы метр коммерциялық алаң және заманауи тұрғын үй құрылысы жоспарланған.

«Жобаны бірыңғай сәулеттік тұжырымдамаға сәйкес жетілдіру қажет. Жобалаушылардың өз мүддесі бар, олар көбірек тұрғын үй салғысы келеді. Біздің міндетіміз – тепе-теңдікті сақтай отырып, тұрғын үйдің тығыздығын азайту, полиорталық ядроларының жүргіншілер байланысын қамтамасыз ету. Мұнда қонақүйлер, іскерлік орталықтар, әлеуметтік нысандар болуы тиіс. Сонда аудан тартымды болады», – деп атап өтті Алматы әкімі Дархан Сатыбалды.

Сонымен қатар қала басшысы Зерделі шағынауданында 550 орынға арналған мектеп құрылысымен танысты. Жобаға сәйкес асханасы, спорт залы, оқу сыныптары, зертханалық және мультимедиялық кабинеттері бар 3 қабатты ғимарат қарастырылған.

Мектеп құрылысы 2024 жылдың шілдесінде басталған. Алайда мердігер компания келісімшартты орындамағандықтан, сот шешімімен адал емес деп танылды. Осыдан кейін Құрылыс басқармасы жаңа мердігерді анықтап, бүгінде нысанда жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Сыртқы және ішкі қабырғалар тұрғызылып, шатыр орнатылуда, ішкі әрлеу жұмыстары басталған. Қосымша  инженерлік желі тартылуда.

Дархан Сатыбалды жұмысты жеделдетіп, мектеп құрылысын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Әкім материалдардың сапасына және білім ордасын заманауи жабдықтауға ерекше назар аударуды міндеттеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алатау ауданы #«Батыс» полиорталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);