AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы игі дәстүр: Жетісу ауданының тұрғындары...

Алматыдағы игі дәстүр: Жетісу ауданының тұрғындары 100 алма ағашын отырғызды

Әлеумет 27.04.2024, 13:42 1,222
Алматыдағы игі дәстүр: Жетісу ауданының тұрғындары 100 алма ағашын отырғызды
Сурет Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Жетісу ауданына қарасты «Көкжиек» сквері мен Серіков көшесінің бойында 350 көшет отырғызылды. Соның ішінде 100 алма ағашы мен 250 бұта бар.  Іс-шараға аудан жастары да белсенді қатысты.



«Біздің ауданда жыл сайын ағаш отырғызудың жақсы дәстүрі қалыптасқан. Қала әкімдігінің Алматының Алма қаласы ретіндегі даңқын жандандырудағы ниеті қуантады!  Біз бәріміз алма көшеттерін отырғызуға қуана атсалыстық, - деді аудан тұрғыны Пернегүл Аманова.



Сонымен қатар, тұрғындар үшін интерактив ұйымдастырылды. Мұнда қатысушылар Алматы қаласы туралы сұрақтарға жауап берді.


Отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен мердігерлік ұйымға жүктелетінін ескертеміз. Жыл бойы ол ағаштарға күтім жасалынады. Ағаштарды суғару, тыңайтқыш пен магистральдық шеңберлерді аэрациялаумен қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес, барлық ағаштар кепілдікке ие әрі жыл сайын өмір сүру деңгейіне комиссиялық тексеру жүргізіледі. Көшеттер солып қалған жағдайда, мердігер ұйым кепілдік міндеттемелерін қайтадан қамтамасыз ете отырып, оларды жаңасымен алмастыруға міндетті.


Естеріңізге сала кетейік, акция барысында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Соның ішінде 4 мыңнан астам алма ағашы. Ал «Қарағай орманы» саябағының аумағында 500 алма мен өрік көшеттері, «ALA» саябағының аумағында 2270 көшет және Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында мыңға жуық көшет отырғызылды. Акция «Таза Қазақстан» республикалық науқаны және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында өтуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бақ қала #алма ағаш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектінің дамуына үлес қосқаны үшін Дженсен Хуангты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін 19:09

NVIDIA жетекшісі Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады

Бүгін 19:05

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Бүгін 18:59

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Бүгін 18:46

Republic Day және Bereke Fest:  жекелеген тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік

Бүгін 18:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);