Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы хайуанаттар бағы қалпына келтірілмек

Алматыдағы хайуанаттар бағы қалпына келтірілмек

Әлеумет 09.12.2022, 12:14 1,235
Алматыдағы хайуанаттар бағы қалпына келтірілмек
Сурет: Zakon.kz

2023 жылы 70% тозған мәдениет нысандарының инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлінеді


Алматы әкімі Ерболат Досаев мәслихат отырысында қаладағы хайуанаттар бағын қайта жаңғырту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Әкімнің айтуынша, 2023 жылы 70% тозған мәдениет нысандарының инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлінеді.



"Алматы хайуанаттар бағын қала тұрғындары мен туристерді тартатын орталыққа айналдыру үшін оны халықаралық стандарттарға сай кезең-кезеңімен қайта құруды бастау жоспарланып отыр", - деді Ерболат Досаев.



Оған қоса, әкім жалпы сомасы 2 млрд теңгеге "Алатау" дәстүрлі өнер театрын күрделі жөндеу, қуыршақ театрын, қалалық мұрағатты жаңғырту және кітапханаларды цифрландыру басталатынын қоса кетті.


Сонымен қатар 2022 жылы Қазақ мемлекеттік циркінің ғимаратын жаңғыртуға, Қазақ зағиптар қоғамы мен "Қазақ қоғамын" мәдениет үйінің жаңа ғимаратын салуға жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) дайындалды.



"Бұл мақсаттарға қосымша қаражат бөлінеді", - деді Ерболат Досаев.



Алматы хайуанаттар бағы – Қазақстандағы ең көне зоология саябақтардың бірі. 1935 жылы 25 қаңтарда құрылған, бірақ 1937 жыл ресми ашылу жылы болып саналады.


5 желтоқсанда қыс түсуіне байланысты хайуанаттар бағына қала қонақтары – үйректер, қарақұйрықтар мен көгершіндер келгені хабарланды. Олардың "тегін азықтануына" байланысты зообақ әкімшілігі құстардың қорегін екі-үш есеге арттырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Хайуанаттар бағы #жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика