конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы демалыс жәрмеңкелерінде сауда көлемі ша...

Алматыдағы демалыс жәрмеңкелерінде сауда көлемі шамамен 20%-ға артты

Алматы Бүгін 10:22 43 yakiya
Алматыдағы демалыс жәрмеңкелерінде сауда көлемі шамамен 20%-ға артты
Алматы әкімдігі

Шілде айының алғашқы демалыс күндері Алматыда дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Онда қала тұрғындарына жаңа жиналған өнімдердің түр-түрі ұсынылады. Отандық фермерлер мен өндірушілердің тікелей жеткізуінің арқасында өнімдер делдалсыз әрі қолжетімді бағамен сатылады.

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастыратын демалыс күндері жәрмеңкелері отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өз өнімдерін тікелей сатуға мүмкіндік береді. Жәрмеңкелерде 1000-нан астам түрлі тауар ұсынылған. Олардың қатарында жаңа піскен көкөністер мен жемістер, ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, бал, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, кептірілген жемістер мен үйде дайындалған нан өнімдері бар.

Жәрмеңкелерге Алматы қаласы, Алматы облысы және Қазақстанның өзге өңірлерінен 300-ден астам фермерлік шаруашылық, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші және кәсіпкер қатысады. Бұл формат тікелей жеткізу жүйесін дамытуға, отандық өндірушілерді қолдауға және азық-түлік бағасының қолжетімді деңгейде сақталуына ықпал етеді.

Қазіргі таңда жәрмеңкелер Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық және Жетісу сынды қаланың бес ауданында жұмыс істейді.

Сонымен қатар Бостандық және Әуезов аудандарындағы сауда алаңдарын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл жұмыс аясында аумақтар көріктендіріліп, санитарлық жағдайды жақсартылады, сауда инфрақұрылымын жаңартылып, сауда қатарлары ретке келтіріледі.

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде Әуезов ауданындағы жәрмеңке уақытша Рысқұлбеков көшесі, 33/2 мекенжайына көшірілді. Сондай-ақ, биылғы мамыр айында Жетісу ауданындағы Құлагер шағынауданында жаңа жәрмеңке алаңы жұмысын бастады.

Жыл басынан бері жәрмеңкелерде 16,5 мың тоннадан астам өнім сатылып, келушілер саны 85 мың адамнан асты. Орта есеппен ай сайын мұнда шамамен 3 мың тонна өнім өткізіледі. Былтыр бұл көрсеткіш 2,5 мың тонна болған. Осылайша, сауда көлемі шамамен 20%-ға өсіп, жәрмеңкелердің қала тұрғындары арасында танымалдығы артып келе жатқанын көрсетіп отыр.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

• Бостандық ауданы — Қазақфильм шағынауданы;

• Әуезов ауданы — Рысқұлбеков көшесі, 33/2;

• Медеу ауданы — Меңдіқұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;

• Алмалы ауданы — Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;

• Жетісу ауданы — Құлагер шағынауданы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңа конституция белсенді жастарға қосымша мүмкіндік берді

Бүгін 11:42

Елдегі электромобильдердің 60% астамы Алматы қаласында шоғырланған

Бүгін 11:35

Жаңа конституцияда адам капиталына мән берген

Бүгін 11:21

Бауыржан Маханбет: Жаңа Конституция – жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыратын негіз

Бүгін 11:04

«Киберқылмыстың алдын алу және цифрлық қауіпсіздік» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Бүгін 10:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);