AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы көшелері / Алматыдағы беймәлім көшелер тарихы қандай?

Алматыдағы беймәлім көшелер тарихы қандай?

Алматы көшелері 12.09.2025, 15:09 1,012 Сұлу
Алматыдағы беймәлім көшелер тарихы қандай?
Жасанды интеллект

Алматы – Қазақстанның ең ірі мегаполисі ғана емес, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін көне қала. Көпшілік "әл-Фараби", "Достық", "Абылай хан" сияқты танымал көшелерді жақсы біледі, бірақ қаланың шет аймақтары мен шағынаудандарында тарихы тереңде жатқан беймәлім көшелер де жетерлік. Олардың атауы немен байланысты? Аqshamnews.kz тілшісі анықтап көрді. 

Қазақтың қарапайым батырлары мен зиялыларының есімі қалған көшелер

Көптеген шағынкөшеге аты кең танылмаған, бірақ елге еңбегі сіңген тұлғалардың есімі берілген. Мысалы, Наурызбай батыр, Райымбек сынды халық батырларынан бөлек, Алматының кейбір көшелері жергілікті ұстаздар мен ғалымдардың құрметіне аталған. Қала тарихына үңілсек, ХХ ғасырдың басындағы алғашқы қазақ мектептерін ашқан ағартушылардың есімі көп ауданда кездеседі.

Алайда Кеңес Одағы кезеңінде Алматыда көптеген көше өндіріс орындары мен идеологиялық ұғымдарға байланысты аталған. Қазір олардың бір бөлігі қайта аталғанымен, кейбірі әлі күнге дейін сақталып отыр. 

Бұл жолы редакция Орджоникидзе, Щорс пен Эйхе көшелеріне талдау жасамақшы.

Олар кім және олардың Алматыға не қатысы бар?

Орджоникидзе көшесі Түрксіб ауданында орналасқан. Оның ұзындығы - 3535 метр. Көше Сүйінбай даңғылының шығысы мен Рысқұлов даңғылының солтүстігінде орналасқан. Өкінішке қарай, көшеге жергілікті атқарушы органларының қандай негізде шешім шығарғаны белгісіз, себебі құжат сақталмаған. 

Григорий Орджоникидзе туралы не белгілі?

Григорий Орджоникидзе – кеңестік партия қайраткері, Сталиннің серігі. Ол КСРО-ның Кавказ өңірі бойынша жетекшісі, кейін бүкіл Одақтық өнеркәсіп наркомы болған. Сталиннің ең сенімді серіктерінің бірі еді.

1920–30 жылдары Қазақстанға қатысты кадрлық саясатқа да ықпал етті: Кавказдан шыққан, армян және әзірбайжан ұлтынан кадрларды республикаларға (оның ішінде Қазақстанға) тағайындау мәселесінде Орджоникидзе мен оның тобының ықпалы зор болды. "Сталиндік кадрлық саясат" тобының бір мүшесі ретінде Орджоникидзе бірқатар құжатқа қол қойған. Бұл Қазақстанға сырттан келген топтың билігін күшейтіп, жергілікті элитаны ығыстырған.

2Gis

Щорс көшесі Жетісу ауданында орналасқан. Оның ұзындығы - 888 метр. Көше Жансүгіров көшесінің батысы мен Тобаяқов көшесінің солтүстігінде орналасқан. Өкінішке қарай, көшеге жергілікті атқарушы органларының қандай негізде шешім шығарғаны белгісіз, себебі құжат сақталмаған. 

Николай Щорс  туралы не белгілі?

Николай Александрович Щорс - Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресей императорлық армиясының офицері, кейін Украинадағы Қызыл гвардия көтеріліс жасақтарының командирі, Азамат соғысы кезінде Қызыл Армия дивизиясының басшысы, 1918 жылдың күзіне қарай РКП(б) мүшесі болған.

2Gis

Эйхе көшесі Жетісу ауданында орналасқан. Оның ұзындығы - 560 метр. Көше Победа көшесінің батысы мен Маңғышлақ көшесінің оңтүстігінде орналасқан. 1966 жылғы №134 шешім бойынша, аумаққа мұндай атау берілген.  

Роберт Эйхе туралы не белгілі?

Роберт Индрикович Эйхе - кеңестік мемлекет және партия қайраткері, революционер.

1921 жылы Коминтерннің 3-конгресінің делегаты болды. КСРО Орталық Атқару Комитетінің мүшесі қызметін атқарды. 

КСРО ІІХК-ның ерекше "үштігінің" құрамына кірген. 1940 жылы атылған. Кейін ақталған.

2Gis

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше #беймәлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);