AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыдағы ауруханалардың бірінде қабылдау бөлімше...

Алматыдағы ауруханалардың бірінде қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі санитарға қол көтерген

Оқиға 23.08.2022, 04:41 1,145
Алматыдағы ауруханалардың бірінде қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі санитарға қол көтерген
Сурет: Egemen.kz

Алматыда №7 қалалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі санитарға қол көтерген.


Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 19 жастағы санитар Нұржан Оханов осыған дейін де меңгерушінің ұрып-соққанын айтқан. Жәбірленушінің әріптестері де мұны растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 



«Қатты соққыға жықты. Қабылдау бөлімінде ұрып-соғыпты. Санитар басшымыздан қорқып, қорғанған да жоқ», - дейді №7 аурухана қызметкерлері.



Ақпаратқа сәйкес, Нұржан Оханов сараптамадан өткен.  Қазіргі уақытта денсаулығына байланысты демалыста. Санитардың ата-анасы полицияға арыз жазған.


Белгілі болғандай, бас дәрігер 19 жастағы санитарды бұған дейін де соққыға жыққан, бірақ кейін іс жабылып қалған. №7 аурухана қызметкерлерінің айтуынша, басшы санитарларды жиі ұрады.



«Психологиялық қысым жасайды, айқайлайды. Біз науқастармен жұмыс істейміз, жұмысымыз ауыр. Ең лас жұмысты санитарлар жасайды және олар басшының қысымына шыдайды. Сонымен қатар, басқа ауруханалардың барлығы бонус алады, ал біз шетте қаламыз. Өткен мерекелердің бәрінде біз сыйақы алмаймыз, көмектесіңіздер, жағдайымызды министрлікке жеткізіңіздер», - деді аурухана қызметкерлері.



Олар басшылықтың қудалауынан қорқатындықтан, аты-жөнін, тегін көрсетпеуді өтінді. Олардың айтуынша, бұған дейін журналистерге ашық шағымданған қызметкерлердің бірі жұмыстан қуылған.


Ақпаратқа сәйкес, тағы бір оқиғадан кейін соққыға жығылған жігіттің әріптестері жедел жәрдем бөлімінің бастығына қатысты қызметтік тергеу жүргізілу үшін қол жинап жатыр.


Дегенмен, аурухана әкімшілігі мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Себебі, іс жүзінде оқиға куәгерлері жоқ. Сондай-ақ бұл мәселеге қатысты ешкім аурухана басшылығына шағым білдірмеген. Аурухана басшылығы оқиғаның мән-жайы анықталғаннан кейін, тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.



«№7 қалалық клиникалық аурухананың пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне, қабылдау бөлімінің қызметкерлері арасындағы жанжал туралы дабыл түсті. Мән-жайды анықтау үшін бөлімшенің медицина қызметкерлерімен, оның ішінде бөлімше меңгерушісімен, санитармен әңгіме жүргізілді. Ішкі аудит қызметіне жұмыс күні ішінде қабылдау бөліміндегі жұмыс процесін бақылау тапсырылды», деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #аурухана #бөлім меңгерушісі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);