AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыдағы аудандардың бірінде 28 ұсақ бұзақылық т...

Алматыдағы аудандардың бірінде 28 ұсақ бұзақылық тіркелді

Заң мен тəртіп 15.10.2024, 15:20 994 dulatbekova
Алматыдағы аудандардың бірінде 28 ұсақ бұзақылық тіркелді
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласындағы аудандардың бірінде “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жергілікті іс-шара өткізілді.

 Оның мақсаты – тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелер мен қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу және жолын кесу. Жергілікті іс-шара қаланың Алатау ауданында да жүргізілді. Оған 100-ден астам криминалдық және ювеналдық полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, ЖҚАЖ және патрульдік полиция қызметкері қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

– Сонымен қатар аудандағы қылмыстық ахуалды ескере отырып, 20 жаяу жасақтың бағыты әзірленді. Жүргізілген рейдтік іс-шаралардың екі күнінің ішінде 184 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 28 ұсақ бұзақылық, 18 темекі шегуге тыйым салу, 5 алкогольдік өнімдерді сату, үй жануарларын серуендету ережесін бұзуға қатысты 19 дерек анықталды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүруіне қатысты 27 дерек белгілі болды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Тәжірибе бойынша жасалған қылмыстың жартысынан көбі заңсыз жүрген шетелдіктер тарапынан жасалады. Осыған байланысты іс-шара күндерінде полицейлер Алматы қаласына көршілес мемлекеттерден және республиканың басқа өңірлерінен келетін адамдарға бақылауды күшейтті. Сонымен қатар көші-қон полициясының қызметкерлері қалада заңсыз тұрып жатқан шетел азаматтарының шоғырлану орындарын, атап айтқанда, қонақ үйлерді, жалдамалы пәтерлерді, оқу орындары мен кәсіпорындардың жатақханаларын, құрылыс нысандарын тексерді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ұзақ бұзақылық #учаске
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Кеше 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Кеше 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Кеше 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Кеше 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Кеше 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);