конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Алматыдағы алтын күз «Қазақконцертпен» бірге» өне...

«Алматыдағы алтын күз «Қазақконцертпен» бірге» өнер фестивалі басталды

Әлеумет 28.09.2022, 09:47 1,673
«Алматыдағы алтын күз «Қазақконцертпен» бірге» өнер фестивалі басталды
Сурет: Almaty.tv

Классикалық музыка жауһарларын көпке таныстырды.


Қазақ мәдениетінің қара ордасы – Қазақконцерт ұжымы Алматыға іс-сапармен келді. 1 айлық репертуарында әр жанрды қамтыған концерттік бірлестік күні кеше классикалық музыка жауһарларын көпке таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап. 


«Алматыдағы алтын күз «Қазақконцертпен» бірге». 1 айға жалғасатын мәдени іс-шаралардың жалпы атауы осы. Фестиваль шымылдығы 25-қазанда дәстүрлі музыка концертімен ашылған еді.



«Біз гастрольге алғаш шықтық.  Алматы – мәдениет орталығы. Содан болар, өзімізге ерекше. Толқып тұрғанымыз сезіліп тұрған болар», – деді композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Серік Еркінбеков.


«Әсерді халыққа жеткізе білдім деп ойлаймын. Үлкен жобаларға, керемет концерттерге қатысуға мүмкіндік беріп жатқан, жастарға жол ашып жатқан Қазақконцерт мемлекеттік ұйымына алғысымыз шексіз», – деді Р. Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі Әйгерім Алтынбек.



Кеште классика жанрының әлемдік жауһарларынан бөлек, отандық композиторлардың тырнақалды туындылары орындалды. Концертте өнер көрсеткендердің қатарында жас әрі талантты солистерден бөлек, елдегі ең танымал камералық-аспаптық ансамблі де бар.



«Алматы «Қазақконцерттің» әртістерін сағынып қалыпты. Соны енді музыканы, рухани байлықты елге, халыққа жеткізу - ең басты мақсат, сол музыканы дәріптеу», – деді Р. Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының бөлім басшысы Азамат Жылтыркөзов.



Айта кетейік, Алматыда тұңғыш рет ұйымдастырылған фестиваль 29 қазанға дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Концерт #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);