Учаске жұмысы басталған алғашқы минуттардан-ақ мұнда тыныш әрі жылы атмосфера қалыптасты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматы қаласының №269 сайлау учаскесінде таңғы сағат жеті болмай жатып-ақ алғашқы сайлаушылар жинала бастады. Тұрғындар таңсәріден дауыс беру құқығын пайдаланып, ел үшін маңызды оқиға — Құрылтай сайлауына қатысу үшін келді.

Азаматтық бұрышын алғашқылардың бірі болып әкесі мен баласы — Дайрабек пен Аян Аимбетовтер орындады. Жауапкершілік танытып, сайлауға белсене қатысқаны үшін оларға бақылаушылар тарапынан символикалық сыйлықтар табысталды.
Учаскеге сонымен қатар жақын маңда ұлының қолында тұратын ақсақал Таспай Жандарбек те келді. Әкімшілік тұрғыдан басқа сайлау учаскесіне қарасты болса да, ол жерлестеріне қолдау білдіріп, ел үшін маңызды оқиғаға ақ батасын беру үшін арнайы соқты.
«Бүгін — еліміз үшін маңызды күн. Халықтың таңдауы қайырлы бастама болып, елімізге бірлік, тұрақтылық пен амандық алып келсін», – деді ақсақал.
Учаске жұмысы басталған алғашқы минуттардан-ақ мұнда тыныш әрі жылы атмосфера қалыптасты. Алғашқы сайлаушылардың ерте келуі Алматы тұрғындарының өз азаматтық парзына жауапкершілікпен қарайтынын және елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысатынын көрсетеді.