Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы «14-ші аумақ» ш/а 7 жылға созылған инже...

Алматыдағы «14-ші аумақ» ш/а 7 жылға созылған инженерлік желілер мәселесі шешілді

Әлеумет 19.10.2023, 10:35 949
Алматыдағы «14-ші аумақ» ш/а 7 жылға созылған инженерлік желілер мәселесі шешілді
Сурет алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында «14 аумақ» ш/а тұрғындарымен кездесті. 7 жылдан бері осы шағын ауданда аяқталмалмай келе жатқан инженерлік желілерге қатысты мәселе қозғалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


«Біз жеті жыл бойы қатты қиналып келдік», - деп қынжылды жергілікті тұрғындар.


«Былтыр менің алғашқы жұмыс сапарым сіздерден басталды», - деп еске салды қала әкімі. Ерболат Досаев Алматы әкімі лауазымына тағайындалғаннан кейін алғаш рет осы шағын ауданға ат басын бұрған еді. «14-ші аумақ» шағын аудан тұрғындары қала басшысына алғысын білдіріп, оның тапсырмасы бойынша олардың инженерлік желілерге қатысты мәселелері шешіле бастағанын атап өтті.



«Инженерлік желілерді салуға байланысты жұмысты жеделдетеміз, жылы күн райы жол жабыны бойынша жұмыстарды аяқтауға мүмкіндік береді. Ең бастысы, біз бәрін 30 қарашаға дейін аяқтаймыз деп үміттенеміз. Аудан әкімдігі тротуарлар бойынша маған сіздермен кеңесіп отырғандарын айтты. Кейде барлық жұмыс аяқталған кезде тұрғындар түзетуді сұрайды. Абаттандыру аясында аталған өкілеттіктер аудан әкімдеріне берілді, біз олардың бюджетін көбейттік. Олар қазірдің өзінде шешім қабылдауда. Мен қадағалаймын», - деді Алматы әкімі. 



«Аудан әкімдігінің қызметкерлері біздің өтініштерімізді естіп, жауап береді», - деді «14-ші аумақ» ш/а тұрғындары. Олар көше жарығы мәселесін тездетіп шешуді сұрады.


Ерболат Досаев Алматы әкімдігі жеке серіктеске қатысты сотта жеңгенін айтты. «Біз ақыры бірінші сатылы сотта жеңдік. Мердігер апелляциялық шағым түсіруі мүмкін. Жарықтандыру мәселесі міндетті түрде шешіледі», - деді. Сыртқы жарықтандыру жұмыстарын жүргізу бойынша қаражатқа қатысты мәселені мердігермен тікелей келісім-шартты аудан әкімдігі жасайтынын айтты. Бұл тұрғындардың осы мәселе бойынша өтінімін іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.



Бұған дейін 2018 жылы Алматы әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан «ABM-Вuilding 2007» ЖШС, «Электроремонт» ЖШС және «ABM-Project» ЖШС үш компаниядан тұратын консорциум өз міндеттемелерін сақтамағаны хабарланған болатын. Сондықтан алматылықтар тарапынан көше жарығына қатысты шағымдар көбейген еді. Биыл қазан айында сот қала әкімдігінің талабын қанағаттандырды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық конькиші екі дүркін әлем чемпионы атанды

Бүгін 10:51

Гүл жеткіземін деген “курьер” ақтөбеліктің 7,5 млн теңгесін қағып кеткен

Бүгін 10:44

“Үйіме жеттім-ау”. Михаил Шайдоровты алматылықтар ерекше құрметпен қарсы алды

Бүгін 09:24

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:58

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Кеше 17:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі