ffin.kz

Алматыда зиянды еңбек шартында жұмыс істейтіндерге төленетін әлеуметтік төлемдердің негізгі шарттары қандай?

Алматыда зиянды еңбек шартында жұмыс істейтіндерге төленетін  әлеуметтік төлемдердің негізгі шарттары қандай? Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайында  жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жаңа әлеуметтік төлем енгізіледі.


Әлеуметтік төлем еңбекшілердің денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, деді Алматы қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшысы Асқар Аймағамбетов ӨКҚ брифингінде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Төлемді тағайындаудың негізгі шарттары: 55 жасқа толу және зейнеткерлік жасқа әлі жетпеуі, сондай-ақ БЖЗҚ-да кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы болып табылады.


Департамент басшысы А. Аймағамбетов атап өткендей, бұл жарналарды жұмыс берушілер 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап өндіруге міндетті.



«Осы 2 шарт кімдерге қатысты? Бұл, ең алдымен, тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің бұйрығымен бекітілген металлургтер, кеншілер, энергетиктер және басқа да мамандықтар. Сонымен қатар, сарапшылардың пікірлерін ескере отырып, олардың мұндай жағдайда жүргізген жұмыстары олардың денсаулығына әсер етеді. Сондықтан жоғарыда көрсетілген екі шартқа талаптар қойылды», - деді А. Аймағамбетов. 



Талап - зиянды еңбек жағдайындағы жұмысты тоқтату. Осылайша, жұмысшы жұмыс берушімен келісім бойынша зиянды факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыса алады немесе еңбек шартын бұза алады.


«Осылайша, алдын ала деректер бойынша, 2024 жылы жоғарыда көрсетілген екі шарт бойынша - бұл 55 жас және кемінде 7 жыл өтіл, мұндай қызметкерлердің саны 37 мың адамды немесе Алматы қаласында 990 - ға жуық адамды құрап отыр», - деп толықтырды спикер.


Қаржыландыру көздеріне келетін болсақ, негізгі 4 төлем көзі бөлінді:


1) республикалық бюджет. Төлем үшін сома ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде айқындалған,яғни 2024 жылға 86 мың теңгеден сәл артық. 


2) сақтандыру компанияларынан төлемдер. Төлем үшін сома 1-ші күнкөріс минимумы немесе 43 мың теңге мөлшерінде айқындалған. 
3) ортақ жауапкершілік шеңберінде жұмыс берушілер де 1-ші күнкөріс деңгейі мөлшерінде төлейтін болады.


4) соңында қызметкерге БЖЗҚ-да өз жинақтарын бүгінгі күнге аударылып отырған жарналар есебінен пайдалану құқығы беріледі.



«Қазір әрбір қызметкерге БЖЗҚ-ның 10% табысынан, ал жұмыс беруші зиянды еңбек жағдайларында жұмыскерлер үшін 5% аударылады. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемдер алуға құқық берілген жағдайда орташа мөлшері шамамен 200 мың теңгені құрайды. Ал егер осындай салаларда жұмыс істейтін қызметкерлердің табысын ескере отырып, жеке қарайтын болсақ, олардың мөлшері әлдеқайда жоғары болуы мүмкін», - деп түсіндірді спикер. 



Ол сондай-ақ, 55 жасқа толған кезде жұмысшы зиянды еңбек жағдайларында кезде жұмыс істемейтін болса, бірақ бұрын жеті жыл ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған адамдар ХҚКО бөлімшесі арқылы республикалық бюджеттен және БЖЗҚ-дан арнайы әлеуметтік төлемдерді ресімдеуге құқылы екенін айтты.


Бұл төлемдер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүзеге асырылады, содан кейін қызметкер жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы төлемін және жинақтаушы зейнетақыны алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43