Алматыда қаланың атмосфералық ауасының ластануына әсер ететін негізгі факторлардың бірі автокөліктен шығатын зиянды қалдықтарды бақылау жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Eco Almaty өкілдерінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері жүргізілген мониторинг барысында 5 496 автокөлік тексерілген. Оның 1 301-інен, яғни тексерілген әр төртінші көліктің дерлік бірінен, пайдаланылған газдар құрамындағы зиянды заттардың белгіленген нормативтерден асып кеткені анықталды.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Алматыда автокөлік шығарындыларын бақылау қала ауасын қорғау қағидалары аясында тұрақты түрде жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты – белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін көліктерді анықтау.