конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Бізді де біле жүріңіз / Алматыда жүзге келген ардагерді құттықтап қайтты

Алматыда жүзге келген ардагерді құттықтап қайтты

Бізді де біле жүріңіз 20.04.2026, 14:13 271 yakiya
Алматыда жүзге келген ардагерді құттықтап қайтты
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бостандық ауданының әкімдігі мен Өңірлік коммуникациялар қызметінің мамандары Алматыда ардагерге арнайы барып, майдангерді құттықтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қала билігі қатары күн санап сиреп бара жатқан ардагерлерді елеп-ескеріп, әрқайсысын үнемі уақыт тауып құтықтап қайтуға тырысады. Қазір сол кезде әскерге аттанған ең жас ардагердің өзі жүзге келіп отыр.

Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Назарович Попов биыл 100 жасқа толды. Ол мектепті бітіре салысымен бірден майданға аттаныпты. Екінші Балтық майданының құрамында байланыс ротасында қызмет етіп, Балтық елдерін азат етуге атсалысқан екен. Ардагер әлі тың көрінді.

Анатолий Назарович «Рига қаласын азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальымен, сондай-ақ мерейтойлық наградамен марапатталған.

Қызы Наталья Косолапованың айтуынша, жауда жеңгеннен кейін басшылық жас сарбазға оқуын жалғастыруды ұсыныпты. Сөйтіп, медицина саласындағы өмір жолын бастаған. Саратов әскери-медициналық училищесін бітірген соң, 40 жылдан астам уақыт бойы Алматы қаласының (бұрынғы Совет, қазіргі Алмалы) ауданында фельдшер болып еңбек етіпті.

Ардагердің қызы, күйеу баласы, төрт немересі мен жеті шөбересі бар. Осылардың арқасында кәріліктің қалай келгенін де сезбей қалғанын айтты.

Наталья Анатольевна мұндай қамқорлыққа алғыс білдірді.

«Әкімдіктегілердің, еріктілер мен журналистердің өстіп көңіл бөліп, келіп қайтқанына көп рақмет. Бұл соғыс көрген, қан кешкен ұрпақ қой. Біз оларға қарыздармыз. Өздерінің де қатары күн санап азайып барады..», — дейді ол.

Мұндай кездесу өткенге құрмет қана емес, бейбіт өмірді бағалай білуге шақыру. Біз өткеннен сабақ алып, осы бейбіт өмірдің қадірін білуіміз керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ардагерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тауларында жарақат алған қыз тікұшақпен эвакуацияланды

Бүгін 11:14

Англия Францияны жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 10:06

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Кеше 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Кеше 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Кеше 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);