AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда жол қауіпсіздігі мен қылмыстың алдын алу...

Алматыда жол қауіпсіздігі мен қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі

Алматы 02.07.2026, 14:27 309
Алматыда жол қауіпсіздігі мен қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіледі
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдынің төрағалығымен Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиында қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі, құқық қорғау органдары жұмысының өзекті мәселелері және қала тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар қаралды.

Биылғы алғашқы бес айының қорытындысы бойынша тіркелген құқық бұзушылықтар саны 10,5%-ға азайғанына қарамастан, бірқатар бағыт әлі де ерекше назар аударуды қажет етеді. Атап айтқанда, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет алаяқтыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары жұмысының тиімділігін арттыру жайы талқыланды.

Отырыста цифрлық технология мен жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізуге ерекше көңіл бөлінді. Заманауи бейнеаналитика жүйелері, интеллектуалды мониторинг және деректерді өңдеу құқық бұзушылықтардың алдын алудың, жол қауіпсіздігін күшейтудің және төтенше жағдайға жедел әрекет етудің негізгі құралдарының біріне айналуға тиіс екені атап өтілді.

Шаһар басшысы жұмыстың басты көрсеткіші тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін нақты арттыру және олардың сенімін күшейту болуы керектігін айтты. Осыған байланысты профилактикалық жұмысты күшейту, полицияның аумақтық бөлімшелерінің жауапкершілігін арттыру, цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою тапсырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту, есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жандандыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және Алматыдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған қосымша шараларды жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қоғамдық қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);