Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 2 139 фактісі анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 375 өрескел бұзушылық бар.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
* көлік құралын масаң күйде басқару – 7 факт;
* көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік басқаруы – 2 факт;
* маневр жасау қағидаларын, оның ішінде қауіпті маневр жасауды («шашки») бұзу – 96 факт;
* қауіпсіздік белдігін тақпау – 142 факт;
* қарсы қозғалыс жолағына шығу – 17 факт;
* көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 111 факт.
Сонымен қатар, 41 көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.