AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / Алматыда жаңартылған конституцияның күшіне енуі қо...

Алматыда жаңартылған конституцияның күшіне енуі қолдау тапты

Жаңа Конституция 01.07.2026, 14:15 523
Алматыда жаңартылған конституцияның күшіне енуі қолдау тапты

Бүгін Қазақстанда конституцияның жаңартылған редакциясы күшіне енді. Алматыдағы бала құқығын қорғау басқармасының басшысы Жанат Айтпаеваның айтуынша, жаңартылған негізгі заң балалардың құқығын қорғау кепілдігін күшейтіп, олардың қауіпсіз әрі жан-жақты дамуына берік негіз қалыптастырады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұқбатында Жанат Айтпаева атап өткендей, бала – елдің басты байлығы, олардың мүддесін қорғау – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі. Жаңартылған конституцияда отбасыны, ана мен әке болуды және балалық шақты мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін норма бекітілген. Сондай-ақ әр баланың білім алуға, дамып, лайықты өмір сүруге құқығы айқын көрсетілген.

Оның айтуынша, конституциялық кепілдік қолданыстағы заңнамамен толықтырылады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» заңы мен «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі бар. Бұл құжаттар балалардың әлеуметтік қорғалуын, денсаулық сақтау құқығын, отбасында өмір сүруі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Басқарма басшысы 2026 жылдың қаңтарында қабылданған 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» жаңа тұжырымдамасына ерекше тоқталды. Бұл құжат балаға кешенді қолдау көрсетудің бірыңғай моделін енгізуді, отбасындағы қолайсыз жағдайларды ерте анықтауды, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алуды, сондай-ақ балаларды цифрлық қауіптерден қорғауды көздейді.

«Біз әр баланың өмірін әділетті, қауіпсіз әрі мүмкіндікке толы етуге ұмтыламыз. Әр бала пікір білдіруге, сапалы білім алып, армандауға құқылы», — дейді Жанат Айтпаева.

Мамандардың пікірінше, жаңартылған конституцияның күшіне енуі балалардың құқығын қорғау жүйесін одан әрі нығайтып, Қазақстанда дені сау, білімді әрі әлеуметтік тұрғыдан қорғалған ұрпақ тәрбиелеуге жағдай жасайтын маңызды қадам болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Кеше 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Кеше 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Кеше 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Кеше 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Кеше 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);