AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жаңа шағын өнеркәсіптік парктер іске қосы...

Алматыда жаңа шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылады

Әлеумет 16.04.2026, 14:14 213 yakiya
Алматыда жаңа шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылады

2026 жылы Алматының Индустриялық аймағында жалпы аумағы 22,2 мың шаршы метр болатын бес шағын өнеркәсіптік парк пайдалануға беріледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жобалардың жалпы инвестиция көлемі 2,33 млрд теңге. Бұл нысандарды іске асыру 20-дан астам шағын және орта бизнес субъектісі орналастырылып, 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Шағын өнеркәсіптік парктер жобалары қаланың өндірістік инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған. Нысандардың индустриялық аймақта орналасуы қажетті инженерлік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етіп, өндірістік кәсіпорындардың тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы шағын өнеркәсіптік парктер жобаларын жүзеге асыруды үйлестіреді. Басқарма инвесторлармен өзара іс-қимылды ұйымдастырып, құрылыс барысын бақылайды, сондай-ақ нысандарды пайдалануға беру үдерісін бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс бизнес үшін қолайлы орта қалыптастырып, инвестициялық жобаларды жедел іске асыруға бағытталған.

Жоба аясында келесі нысандар пайдалануға беріледі:

1. Nur-ai market №1
Инвестиция көлемі — 500 млн теңге
Жұмыс орындары — 100
Қазіргі жағдайы: құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған, инженерлік желілерді тарту және аумақты көріктендіру жұмыстары жүргізілуде.
Бағыты — құрылыс индустриясы.

2. «Капстройгрупп-Т»
Инвестиция — 600 млн теңге
Жұмыс орындары — 100
Қазіргі жағдайы: сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Бағыты — жиһаз өндірісі.

3. «Промпарк»
Инвестиция — 530 млн теңге
Жұмыс орындары — 100
Қазіргі жағдайы: қасбетті монтаждау және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Бағыты — жеңіл өнеркәсіп.

4. «Arime»
Инвестиция — 500 млн теңге
Жұмыс орындары — 80
Қазіргі жағдайы: сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары жалғасуда.
Бағыты — тамақ өнеркәсібі.

5. «AL Gaz»
Инвестиция — 200 млн теңге
Жұмыс орындары — 30
Қазіргі жағдайы: сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Бағыты — металл өңдеу өнеркәсібі.

Аталған жобалар Алматының индустриялық аймағын дамытудағы маңызды кезең болмақ. Олар өндірістік әлеуетті арттырып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қаланың экономикалық өсіміне зор үлес қосады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өнеркәсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);