конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / Алматыда жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекетт...

Алматыда жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік тулармен, арт-перформанстармен және бұқаралық акциялармен атап өтілді

Жаңа Конституция Бүгін 17:40 39 yakiya
Алматыда жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік тулармен, арт-перформанстармен және бұқаралық акциялармен атап өтілді
Алматы әкімдігі

Бүгін Қазақстанда мемлекет дамуының алдағы бағытын айқындайтын, әділеттілік, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық бірлік қағидаттарын нығайтатын маңызды құжат — Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Осы тарихи оқиғаға орай Алматы қаласында 2000-нан астам студенттің, волонтердің, белсендінің және қала жастарының басын қосқан ауқымды жастар акциялары өтті. Мерекелік іс-шаралардың ұйымдастырушысы — Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы.

Ел дамуының жаңа кезеңіне қолдауды алғашқылардың бірі болып жастардың заманауи қоғамдық бастамалар тілімен — ауқымды перформанстар, арт-инсталляциялар және патриоттық акциялар арқылы білдіруі ерекше мәнге ие.

Мерекелік бағдарлама сағат 08:00-де «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінің аумағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеру рәсімінен басталды. Рәсімге 500-ден астам жас алматылық қатысып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындады. Жастар мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсете отырып, оларды ел бірлігінің, тәуелсіздіктің және әрбір азаматтың мемлекет болашағына деген жауапкершілігінің нышаны ретінде дәріптеді.

Бағдарламаның жалғасы жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған ерекше көркем акциямен өрбіді. Экспозицияның орталық элементі ретінде биіктігі 4 метр, ені 2,5 метр болатын Конституция бейнесіндегі арт-нысан ұсынылды. Оның айналасында жаңартылған Негізгі заңның басты қағидаттарына — әділеттілікке, адам құқықтарын қорғауға, мүмкіндіктер теңдігіне, заң үстемдігіне, азаматтық жауапкершілікке және қоғамдық бірлікті нығайтуға арналған тақырыптық картиналар көрмесі орналастырылды.

Аталған алаң қоғамдық диалогтың шынайы кеңістігіне айналды. Заманауи өнер, музыка, интерактивті аймақтар мен жастардың шығармашылық қойылымдары әрбір қазақстандықтың өміріндегі Конституцияның мәнін жаңаша пайымдауға мүмкіндік берді.

Тағы бір маңызды акция Қазақстан-Британ техникалық университетінің алдында өткен ауқымды флешмоб болды. 700-ге жуық студент, волонтер және қоғамдық белсенді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туларымен жаңа Конституцияға қолдау білдіріп, қазақстандықтарды Негізгі заңның күшіне енуімен құттықтады.

Өз үндеулерінде жастар:

«Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Жаңа Конституцияның күшіне енуі — Қазақстанның жарқын болашағының кепілі».

«Бұл — мемлекетіміздің алдағы дамуын айқындайтын маңызды қадам».

«Жаңа Конституция — адам құқықтары, заң және жауапкершілік басты құндылық саналатын әділетті қоғам құрудың берік негізі».

«Негізгі заң — еліміздің тәуелсіздігін, халық бірлігін және болашаққа деген сенімді нығайтатын басты құжат» — деп атап өтті.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасында мерекелік іс-шаралардың бастамашысы әрі негізгі қатысушысы жас буын болғаны ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

«Конституция — тек құқықтық құжат қана емес, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімнің іргетасы, елдің одан әрі дамуына бағыт беретін басты бағдар. Бүгін Алматы жастары өз қатысуы арқылы Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілікті сезінетінін, мемлекеттік құндылықтарды құрметтейтінін және әділетті, қуатты әрі өркендеген мемлекет құру ісіне белсенді атсалысуға дайын екенін көрсетті», — деп атап өтті Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасында.

Жастар акцияларының сериясы тек мерекелік іс-шара ғана емес, қазақстандықтардың жаңа буынының азаматтық кемелдігін айқындайтын символдық оқиғаға айналды. Заманауи форматтар — өнер, шығармашылық, қоғамдық бастамалар және патриоттық флешмобтар арқылы жастар елдің одан әрі даму бағытына қолдау білдіріп, жаңа Конституцияның тәуелсіз Қазақстанның болашақ жетістіктеріне негіз болатынын көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚР жаңа Конституциясы және білім экономикасына көшу: ғылым мен жоғары білімді дамытудың стратегиялық басымдықтары

Бүгін 18:30

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Бүгін 17:36

Жаңа Конституция – жаңа кезеңнің берік тұғыры

Бүгін 17:23

Түркі әлемі апталығы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Бірінші Түркологиялық съезд» атты іргелі монографияның тұсаукесерін өткізді

Бүгін 16:41

Қазақстандықтардың 17 млрд теңгеден астам айыппұлы кешіріледі – Тоқаев заңға қол қойды

Бүгін 16:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);