AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда зерлеу өнері қалай қайта жаңғырып жатыр?

Алматыда зерлеу өнері қалай қайта жаңғырып жатыр?

Мәдени Алматы 18.03.2026, 11:37 447 dulatbekova
Алматыда зерлеу өнері қалай қайта жаңғырып жатыр?
Сурет: Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің өкілдері «Зерлеу» авторлық үйінде болып, қазақтың қолданбалы өнерінің ең сирек әрі нәзік бағытының бірі - алтын жіппен кестелеу өнерін қалай қайта жаңғыртып жатқанын көрді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Шебер Айжан Әбдубаиттың студиясындағы алтын және күміс жіппен тігілген кестелер мен күрделі ою-өрнек алғаш көрген адамды таң қалдырып, дәл осы жерде өткен тарих пен қазіргі шақ түйісіп жатқандай әсер алады. Кезінде хандардың, билер мен сұлтандардың киімін дәл өстіп зерлеген.

Қазақстан алғаш тәуелсіздік алған жылдары бұл бірегей өнер жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрды. Қаншама құпия-сыры ұмытылып, дәстүрдің өзі көмескілене бастаған еді. Алайда зерттеушілер мен осындай адамдардың арқасында бүгінгі күні ол қайта жаңғырып келеді.

Айжан Әбдубаит — дизайнер-реставратор, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, «Жігер» фестивалінің лауреаты және осы салаға ондаған жылын арнаған санаулы шебердің бірі. Ол жарты өмірін осы алтын жіппен кестелеу өнерін зерттеп, оны қалпына келтіруге арнапты.

Оның айтуынша, ағаш өңдеу, зергерлік іс, тоқыма, киіз басу пен кілем тоқу сияқты қолданбалы өнердің түрі өте көп. Кесте өнерінің өзі де айқас тігістен бастап тегіс кестеге дейін сан алуан бағытты қамтиды екен. Әсіресе зерлеудің алар орны ерекше.

«Бұл — жойылып кетуге шақ қалған элиталық өнер. Ол халқымыздың мәдениетінің қаншалықты бай болғанын көрсетеді. Сондықтан мен өз өмірімді осы өнерді зерттеуге, насихаттауға арнадым», — дейді шебер.

Айжан Әбдубаиттың Жәңгір ханның жары Фатима ханшаның Бірінші Николайдың таққа отыру рәсіміне киген көйлегі мен камзолын қайта қалпына келтірген. Сондай-ақ ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірді жабатын кілем мен Жәңгір ханның әскери киімін қалпына келтірісіпті.

Ұлттық киім қазір мереке кезінде ғана киетін киім болудан қалып, қала өмірінің де ажырамас бөлігіне айналып бара жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #зерлеу #өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ауыр күйік салдарынан зардап шеккен балаларға күрделі оталар жасалды

Бүгін 17:21

Алматы қалалық кардиологиялық орталығында жөндеуден кейін жаңартылған бөлімше ашылды

Бүгін 17:19

«Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді

Бүгін 15:40

Алматы дәрігерлері науқасқа екінші өмір сыйлады

Бүгін 15:18

21 мыңнан астам абаттандыру ережесін бұзушы және 20 тоннадан астам алкоголь тәркіленді: Алматыдағы «Таза Қазақстан» қорытындысы

Бүгін 15:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);