AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда зейнеткерлерге арналған экскурсиялар баст...

Алматыда зейнеткерлерге арналған экскурсиялар басталды

Әлеумет 01.11.2023, 03:03 745
Алматыда зейнеткерлерге арналған экскурсиялар басталды
Almaty-akshamy.kz

Белсенді болу әрі жарқын әсер алу: Алматыда зейнеткерлерге арналған экскурсиялар басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматыда 26 қазаннан 8 қарашаға дейін зейнеткерлер үшін Алматы қаласы мен Алматы облысында орналасқан нысандар бойынша экскурсиялар өткізіледі. Іс-шараларды Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Алматы қаласының туризм басқармасымен бірлесіп «Белсенді ұзақ өмір» жол картасы аясында іске асырады. Олардың мақсаты-егде жастағы адамдарды белсенді өмірге тарту, олардың әлеуетін ашу, өмір сүру сапасын жақсарту, ғұмырларының ұзақ болуына ықпал ет,әлеуметтік және психологиялық жағдайларын жақсарту.


«Бұл іс-шаралардың аға буын өкілдеріне қолдау көрсетуде маңызы зор. Игі шаралардың арқасында егде жандар өзара араласады, тәжірибе алмасады, әңгіме- дүкен құрады. Олардың белсенділігін арттырып, қоғамның маңызды мүшелері болуларына ықпал етеді», - деп атап өтті Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.


26 қазанда Шарын каньоны бойынша тур өтті-экскурсияға 100 адам шығарылды. Саябақ қызметкерлері оларға ең әдемі жерлерді көрсетті, сонымен қатар каньон тарихын егжей-тегжейлі айтып берді. Қатысушыларға экскурсия өте ұнады. Олар каньонның көрнекті жерлерінің біріне - құлыптар алқабына барды, ол белгісіз алыптар жасағандай мұнараға ұқсайтын жартас шөгінділері. 


Айта кетерлігі, кез-келген жастағы туристер үшін ұлттық саябақтың аумағында жағымды демалыс үшін барлық жағдайлар жасалған. Ұзақ серуендеуден кейін тур қатысушыларын дәмді түскі ас күтіп тұрды. 


Зейнеткер Бақыт Омарованың айтуынша, каньонға экскурсия ол үшін елеулі оқиға болды және ол басқа экскурсияларға қуана қатысады. 


«Әдемі көріністен ләззат алу, жағымды эмоциялар алу, қарым — қатынас жасау - бұл шынымен де үлкен рахат және ең жағымды әсер қалдырады. Ұйымдастырушыларға осы тамаша мүмкіндік үшін алғыс айтамын», - деді ол.


«Бақыттың өзі жақсы демалудан да құралады», - деп толықтырды зейнеткер Раиса Мамбетова. Ол ұйымдастырушыларға шын жүректен алғысын білдірді. 



Алдағы күндері Есік көлі мен Алматы қаласы бойынша турлар жоспарланған, онда зейнеткерлер жақсы демалып, барлық көрікті жерлермен таныса алады. Алматы қаласының тарих мұражайына, Вознесен кафедралды соборына, Ықылас атындағы музыкалық аспаптар мұражайына, «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына және қаланың басқа да маңызды орындарына бару күтілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Бүгін 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Бүгін 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Бүгін 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика