AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда заманауи студенттік жатақханалар пайда бо...

Алматыда заманауи студенттік жатақханалар пайда болады

Әлеумет 08.08.2024, 19:33 1,402
Алматыда заманауи студенттік жатақханалар пайда болады
Сурет: Gov.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде студенттердің тұруы мен оқуы үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығы туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азиз Кажденбек хабарлады.

Алматыда 35 ЖОО орналасқан, онда 199 мыңнан астам студент оқиды, оның 124 мыңы өзге қаладан (62%). Жатақханалардың тапшылығы 28,7 мың төсек-орынды құрайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

“Жол картасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 12 мың төсек-орын, ал 2030 жылдың соңына дейін тағы 20 мың төсек - орын құру жоспарланған, бұл жатақхана тапшылығы мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді”, - деді Азиз Кажденбек.

Жатақхана құрылысын тиімді үйлестіру үшін 2023 жылдың наурыз айында әкімдік ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жобалық кеңсе іске қосты.

Іске қосылған сәттен бастап жобалық кеңсеге 120 әлеуетті инвестор жүгінді.

ӨКҚ спикері бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы және Астана қалаларындағы студенттік жатақханаларға арналған ғимараттарды қайта жаңарту кезінде мемлекеттік тапсырыстың көлемін жылына бір төсек-орын үшін 92 АЕК-тен 184 АЕК-ке дейін 6 жыл ішінде ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

2024 жылы 5 752 төсек-орынға арналған 11 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде 1200 төсек-орынға арналған 4 нысан ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Студент #жатақхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент: «Мазмұны айрықша Конституция Әділетті Қазақстанды құру ісіне заң тұрғысынан жол ашты»

Бүгін 13:03

Мемлекет басшысы: «Ана тілі мәселесі – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып»

Бүгін 12:48

ТКШ нысандарын жаңарту – жылу беру маусымының сенімді өтуінің басты кепілі — Олжас Бектенов

Бүгін 12:30

Қазақстанда 19 өрт сөндіру депосы салынды

Бүгін 12:27

Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады

Бүгін 12:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);