ffin.kz

Алматыда Vl "Мейірімділік керуені" республикалық байқауы басталды

Алматыда Vl "Мейірімділік керуені" республикалық байқауы басталды Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында конкурсты ұйымдастырушылар - Алматы қаласы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері хабарлады.


Қайырымдылық бастамалар байқауына өтінімдер 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін қабылданады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба ел дамуына үлкен үлес қосып жатқан жүздеген батыл, өзекті мәселелерге  бей-жай қарамайтын адамдарды, меценаттарды анықтайды. Өткен жылы барлығы 969 өтінім жиналды, ал Алматы қаласынан - 41 үміткер, олардың арасында лауреаттар бар. 


"Алтыншы  рет  ұйымдастырылып  отырған "Мейірімділік керуені" республикалық байқауының басталғаны туралы қуана  хабарлаймыз. Байқау игі істер жасайтын адамдарды анықтауға, халықтың азаматтық бастамаларын жандандыруға және мейірімділік, кеңпейілділік пен гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған", - деді Алматы қаласы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Фарида Жылқыбаева.


Мәселен, өткен жылы "Мейірім жолында" номинациясы бойынша 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан және онкологиялық аурулары бар балаларға, жетім балаларға, бала кезінен мүгедектерге, кедейлерге, көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ көмекке мұқтаж жандарға тұрақты өтеусіз негізде көмек көрсетіп келе жатқан "Әділ" қайырымдылық қоры жеңімпаз атанды. 


"Туған жер" номинациясында құзыреттілікті дамыту орталығын құрғаны үшін ITeachMe қоғамдық қоры үшінші орынға ие болды. "Батыл жүрек" номинациясында әйелді өрттен құтқарған Бауыржан Әуелбеков 3 орын алды. 


Қаңтар айындағы қайғылы оқиғалар кезінде ерекше ерлік көрсеткен №7 ҚКА хирург-дәрігері Ғазиз Құнанбайұлы Төлепбергенов "Батыс жүрек" номинациясының құрметті дипломымен марапатталды. 


Байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры,  "КТК"телеарнасының қолдауымен Қазақстан іскер әйелдері  қауымдастығы жүзеге асырады. 


Байқауға әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуде өз үлестерін қосып және өз іс-әрекеттерімен басқаларды ынталандырып  жүрген жеке  және заңды тұлғалар қатыса алады. 


Ұйымдастырушылар түсіндіргендей, конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) байланысты тұлғалар қатыса алмайды.


Конкурс лауреаттары келесі номинациялар бойынша анықталады:
- "Асар" - қайырымдылық қызметі халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтауға бағытталған номинация;
- "Туған жер" - туған өлкеге білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және көмеккөрсету,  т. б. салаларда қайырымдылық көрсететін лауреатқа тапсырылады ;
- "Батыл жүрек" - батырлық пен жанқиярлық үшін. Бұл номинация шұғыл қызмет қызметкерлері (ТЖ, ІІМ, Жедел жәрдем және басқалар)арасынан суырылып  шыққан жеңімпазға берілуі мүмкін. 
- "Мейірім жолында" - белгілі бір уақыт аралығында қайтарымсыз  қызмет көрсететіндер үшін  беріледі;
- "Қайырымдылық тарихы" - номинация журналистке және / немесе
шығармашылық ұжымға БАҚ-та қайырымдылықты, әлеуметтік проблемаларды көрсетуде үздік  деп танылғаны  үшін  беріледі. 


Конкурсқа қатысу туралы толық ақпаратты  www.fnn.kz және www.businesswomen.kz сайттарынан білуге болады,  анықтама телефондары: + 7771 785 7569 Альнура Нұрбекқызы Алматы қ. бойынша конкурстың үйлестірушісі, + 7701 555 1392 Айнаш Жұмабайқызы Алматы қ. АДЖ атқарушы директоры.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38