Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда VIII BAIQONYR халықаралық кинофестивалі б...

Алматыда VIII BAIQONYR халықаралық кинофестивалі басталды

Мәдениет 07.09.2023, 05:52 1,093
Алматыда VIII BAIQONYR халықаралық кинофестивалі басталды
Суреттер: Ұлттық киноны қолдау орталығы

Аталған шара 5 күнге созылады.


Кинофестивальдің  басты миссиясы - жас талантты кинематографистерді қолдау.


Фестивальдің ресми ашылу салтанаты "Арман" кинотеатрында өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




Шараны Baiqonyr-дың президенті Әнуар Кенжебаев бастап, фестиваль командасының бүгінгі іс-шараның өтуі үшін жұмсаған күш-жігерінің маңыздылығын атап өтіп, биылғы кинофестивальдің жаңалықтары туралы айтып берді. Сегізінші фестивальдің басты жаңалығы - Baiqonyr аясында Almaty Animation Festival атты жаңа халықаралық фестивальдің пайда болуы. Оның директоры режиссер-аниматор Анита Черных та қонақтарға сәлемін жолдады. Одан кейін Baiqonyr фестивалінің бағдарламалық директоры және Киносыншылар мен кинотанушылар форумының төрағасы Ержан Жұмабеков сөз сөйлеп, көпшілікке фестивальдің конкурстық бағдарламаларының қазылар алқасының мүшелерін таныстырды.




Кеш қазақстандық кинорежиссер Дархан Төлегеновтың толықметражды дебюті – "Ағайындылар" картинасының көрсетілімімен аяқталды. Бұл фильмді фестивальдің ашылуына таңдау - кездейсоқ емес. Дарханды алғашқы рет көпшілікке танытқан және бірінші беделді сыйлығын берген осы «Байқоңыр» фестивалі. Бұл туралы автордың өзі көрсетілім алдында айтты.


Ал бүгін, 7 қыркүйекте, "Арман" кинотеатрының «Қызыл залында» Baiqonyr Халықаралық қысқаметражды көркем және деректі кино байқауының, «Көк залда» Almaty Animation Festival негізгі байқауының кино көрсетілімдері басталады. Олардың алдында Кинотанушылар мен киносыншылардың II Халықаралық форумы өтеді – бұл фестивальдің маңызды оқиғаларының бірі.


Конкурстан тыс бағдарламаның маңызды оқиғасы 8 қыркүйекте өтетін Корей анимациялық кино күні болмақ. Ол корей-қазақ анимациясының үлкен арнайы жобасы аясында өткізіледі. Корей тарапынан серіктес Пучхондағы Халықаралық анимация фестивалі (BIAF).


Сондай-ақ, биылғы жылы өткен Қазақстан киносыншылары қауымдастығының ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Baiqonyr президенті Әнуар Кенжебаевқа "Фестиваль қозғалысына қосқан үлесі үшін" арнайы сыйлығы берлігенін атап өтеміз.


Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өткізіледі.


Фестивальдің ақпараттық серіктестері: «Хабар» агенттігі, «Алматы» телеканалы, «Эльдорадио» және «Жулдыз» радиостанциялары, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Время» басылымдары, Orda.kz, Baribar.kz, 365info, Global.news.kz, BAQ.kz, QAZ365.kz, PRO Production интернет-порталдары және JAS ÓNER журналы.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#BAIQONYR #Кинофестиваль #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Бүгін 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика