AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда үздік әлеуметтік қызметкерлер марапатталд...

Алматыда үздік әлеуметтік қызметкерлер марапатталды

Барлығы 17.10.2025, 09:57 980
Алматыда үздік әлеуметтік қызметкерлер марапатталды
сурет: автордан

Сәтбаев университетінде Бостандық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Онда аудан өкілдері жиналған қауымды кәсіби мерекесімен құттықтап, алғысын жеткізді.

"Әлеуметтік қызметкерлер – бұл үнемі мұқтаж жандардың жанынан табылып жүретін, оларға күнделікті, тұрақты көмектесетін, жалғызілікті қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсететін, ауыртпалығын көтерісуден қашпайтын жаны ізгі, мейірімді адамдар. Иә, сіздер атқарып жүрген еңбек әлемдегі ең ізгі және шыдамдылықты, кәсібилікті, үлкен жүректі қажет ететін сала. Осынау адами құндылықтар төрінен көрініп жүрген әрқайсысыңыз үшін қуаныштымын", – деді Бостандық ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Аралбаев.

Іс-шара әлеуметтік саланың барлық қызметкеріне алғыс білдіруге, олардың қоғамның дамуына және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға қосып жүрген өлшеусіз еңбегін атап өтуге бағытталған.

Мерекеде осы салада абыройлы еңбек етіп жүрген мамандар 7 номинация бойынша марапатталды. Олардың ішінде «Ауданның үздік әлеуметтік қызметкері», «Ауданның үздік медициналық-әлеуметтік мекемесі», «Аудан бөлімшесінің үздік меңгерушісі» сынды аталымдар бар. Жеңімпаздар анықталарда әлеуметтік қызметкерлер барып қызмет көрсетіп жүрген отбасылардың да бағасы, ықыласы ескерілді дейді сарапшылар.

Жалпы, Бостандық ауданында 100-ден астам әлеуметтік қызметкер бар. Мерекеде сол жандардың арасынан оза шапқандары бүгін алғысқа, марапатқа ие болды. Құшақтары гүлге, жүздері қуанышқа толды.
Мерейі тасыған жандардың құрметіне Бақтияр Тайлақбаев, Тахмина Әшімбекова, «Ағайынды» тобы ән-жырдан шашу шашты.

"Мен Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №1 бөлімшесінде еңбек етемін. Осы салада жүргеніме 15 жыл болды. Қамқорлығымда мүмкіндігі шектеулі алты бала бар. Олардың жүйке жүйесінде ауытқу болғанымен, мені таниды, күнде күтеді, іздейді, есіктен көрінсем қуанады. Кетіп бара жатсам қол бұлғап қимай қоштасады. Себебі мен жұмыс күндері олармен ылғи біргемін. Балдырғандардың қолына қалам, қағаз ұстап сурет салуына, тамақ ішуіне де көмектесемін. Олар көңілденсе ән де салып, би билейді. Ата-аналары жұмысқа кеткенде олардың бір жүгін көтерісіп, солай балаларына қарайласамыз. Үлкендердің мұңын да тыңдап, оларға сөзімізбен, жүрегіміздің жылуымен қолдау білдіреміз. Яғни біздің миссиямыз үлкен. Осы еңбегіміздің бағаланып жатқанына қуаныштымын. Осылай әр отбасына сүйеу болып, адамгершіліктің, қамқорлықтың, жанашырлықтың жарқын үлгісіне айналған барлық әріптесім құрметке лайық деп білемін", – дейді «Ауданның үздік әлеуметтік қызметкері» номинациясының жеңімпазы Раушан Қалбабаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік қызметкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06

Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасы тұрақты бақылауда – Энергетика министрлігі

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);