AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда үш жастағы баланың асқазанындағы батарея...

Алматыда үш жастағы баланың асқазанындағы батарея отасыз алынды

Медицина 02.12.2022, 02:40 1,321 Almaty-akshamy
Алматыда үш жастағы баланың асқазанындағы батарея отасыз алынды
Сурет: Ашық дереккөз

Батарея Дормия кәрзеңкесінің көмегімен алынды


Алматылық дәрігерлер үш жасар бала жұтып қойған батареяны отасыз алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


Ведомствоның мәліметінше, баланың ата-анасы Алматы қалалық балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығына жүгінген. Сәбидің анасы баласының қолындағы шынашақтай батареяны кенет аузына салып, жұтып қойғанын айтқан.



«ФГДС зерттеуі бөгде заттың барын көрсетті - асқазанның төменгі жағында шынашақтай кішкене батарейка табылды. Балалар жедел жәрдем бөлімінің дәрігерлері баланың денесінен қауіпті затты шығаруды дереу қолға алды. Себебі, батареяны жұтқан соң, қабыну процесі бірнеше сағат ішінде басталады. Бұл асқазанның немесе өңештің шырышты қабығының күйіп кетуіне, тіпті осы органдардың перфорациясына әкелуі әбден мүмкін», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.



«Батареяны шығару кезінде ол қайта-қайта өңештің жоғарғы үштен бір бөлігінен, дәл жоғарғы физиологиялық тарылу аймағында сырғып кете берді. Содан біз батареяны жоғарғы үштен бір бөлікке жеткізіп, оның артына Фолей катетерін қоюды шештік. Батарея Дормия кәрзеңкесінің (эндоскопиялық процедуралар кезінде қуыстағы тастар мен түрлі бөгде денелерді алып тастауға арналған құрал) көмегімен алынды. Содан кейін Фолей катетері үрленіп, эндоскоптық түтік және бөгде денені ұстап алған Дормия себетімен бірге асқазан мен өңештен сәтті шығарылды», - деді Алматы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының хирург-эндоскопист дәрігері Мұрат Дүйсебаев.


Осыған орай, хирургиялық ота жасаудың қажеті болмаған.



«Жыл басынан бері балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына асқазан-ішек жолдарында бөтен зат бар 125 бала, тыныс жолдарында бөтен зат бар 32 бала түскен. Көбінесе, балалар тиын, батарея, кішкентай ойыншықтарды жұтады. Өкпеден дәрігерлер негізінен жержаңғақ, тұқым, грек жаңғағы, қалам қақпағын табады»,- деп хабарлады ведомствода.



Жоғарыда аталған жағдайға байланысты дәрігерлер ата-аналардан кішкентай балаларына мұқият қарауды, олардың ойнайтын заттарына назар аударуды сұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігер #бала #Батарея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Кеше 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Кеше 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Кеше 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Кеше 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Кеше 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);