конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда ҰОС ардагері Оранғали Есенғазиевке арналғ...

Алматыда ҰОС ардагері Оранғали Есенғазиевке арналған ескерткіш тақта орнатылды

Заң мен тəртіп 31.10.2023, 11:42 1,178
Алматыда ҰОС ардагері Оранғали Есенғазиевке арналған ескерткіш тақта орнатылды
Сурет: Polisia.kz

Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, ҚР ІІМ-нің Құрметті ардагері, милиция полковнигі Есенғазиев Оранғали Есенғазыұлына отбасымен бірге тұрған үйдің қасбетіне ескерткіш тақта орнатылды.


Салтанатты жиынға Алматы қалалық ПД-ның басшылығы, жеке құрамы және ІІО-ның ардагерлері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Аты аңызға айналған азамат туралы бүгінде ҚР ІІМ құрметті ардагерлері, Оранғали Есенғазиевтің әріптестері өз естеліктерімен бөлісті. Оранғали Есенғазиев 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Батбақұл ауылында дүниеге келген. Ол балалар үйінде тәрбиеленді. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауылшаруашылық техникумына оқуға түскен.


1941-1946 жылдары жұмысшы-шаруа қызыл армиясы қатарында болып, батарея командирі дәрежесіне дейін көтерілді. ҰОС ардагері құқық қорғау органдарында 1947 жылдан бері қызмет етті. Соғыс аяқталғаннан кейін елдегі қылмыстық жағдай нашарлады, бандитизм мен қылмыстық құқық бұзушылықтардың өсуі артты. Осыған орай, елімізде майдангерлерді полиция жұмысына белсенді тарту қолға алынды.


Есенғазиев бандитизмге қарсы күрес бөліміне (БҚК) жедел уәкілдің көмекшісі болып қабылданып, қажетті жедел дағдыларды меңгерді. Көп ұзамай арнайы білім алу үшін Алматыдағы КСРО ІІМ-нің офицерлер мектебіне оқуға жіберілді. Оқуды бітіргеннен кейін ол негізгі құрам курсының меңгерушісі болып қалды. Мұнда ол курсанттарды өзіне жүктелген міндетті орындауға жұмылдыра алатын, талапты командир екенін көрсетті. Кіші командирлермен жұмыс істеуге де жеткілікті көңіл бөлді. 1978 жылы милиция полковнигі шенімен зейнеткерлікке шықты. Ұлы Отан соғысының ардагері 2016 жылы дүниеден өтті.


Оранғали Есенғазиев жайлы естеліктерді ІІО-ның ардагерлері мен полиция қызметкерлерінің жас буыны ешқашан ұмытпайды. Оранғали Есенғазиев әскери және еңбек ордендерімен марапатталған: Бірінші және екінші дәрежелі Отан соғысы, “Қызыл Жұлдыз”, “Құрмет”, “Біздің Жеңіс үшін” (РФ), 50-ден астам медаль және төсбелгі, оның ішінде жауынгерлік және еңбектегі ерлігі үшін де марапатталған. Сондай-ақ ҚР ІІМ мен КСРО ІІМ, Алматы қаласы әкімдігінің, Мәскеу қаласы Үкіметінің, Орталық және Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамоталарымен бірнеше рет марапатталған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰОС ардагері #ескерткіш тақта #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков: Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

Бүгін 14:21

Алматыда жаңартылған конституцияның күшіне енуі қолдау тапты

Бүгін 14:15

Жүрексіз ойдың жемісі 

Бүгін 14:10

2 мыңнан астам алматылық жас жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған акцияларға қатысты

Бүгін 14:10

Тілге құрмет – жүректен: қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпке үлгі

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);